Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында үш мыңнан астам педагог еңбек етеді. Жүргізілген сараптама педагог-шеберлердің едәуір бөлігінің зейнет жасына жақындағанын анықтаған.
– Осыған байланысты тәлімгерлік институтын күшейту және тәжірибелі ұстаздардың орнын жас кадрлармен жүйелі түрде алмастыру күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі болып отыр, – дейді ол туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева.

Бұл мәселе жиында ерекше атап өтіліп, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов білім беру ұйымдарының басшыларына нақты жауапкершілік жүктеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ
