Дубайға қой етін сатпақ болған. Ромашкиндерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

Дубайға қой етін сатпақ болған. Ромашкиндерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

Бүгін, 18 қараша күні тағы бір отырыс болды. Олардың не үшін істі болып жатқанын бұған дейін де жазған едік.

Ольга және Виталий Ромашкиндер отыздан аса адамның сеніміне кіріп, олардан несие алып беруін сұрап, алғызған. Ақыр аяғында несиені толық жаппаған.

Бүгінде шығын көлемі 200 млн теңгеден асады. Жәбірленушілердің сөзіне сенсек, несие алар алдында олар мерзімінен бұрын жабамыз деген, тіпті сыйақысымен қоса қайтармақ болған.

Сотталушылар ай сайынғы несие төлемін жәбірленушілерге жіберіп отырған. Бірнеше айдан кейін төлеуді мүлдем тоқтатқан. Осыны ескерген жәбірленушілер полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Тобыл қаласындағы Қостанай мамандандырылған ауданаралық сотында жәбірленушілерден жауап алу кезінде, Ромашкиндер сатылатын көліктерді кедендік рәсімдеуге ақша керек деп несие алдыртқанын айтқан еді. Яғни, жәбірленушілердің денін Ромашкиндер осы мәселе бойынша қаржы керегін айтып несие алуға көндірген.

Енді Ромашкиндердің өзінен жауап алу кезінде олар, бар ақшаны Дубайға қой етін жіберетін бизнес үшін алғандарын айтты. Мемлекеттік айыптаушы бизнес мақсатын нақтылап сұрағанда ғана:

«Біз қой етін ТМД елдеріне және Дубайға сату үшін ақша алдық. Мақсат – ет сатып алып, оны Дубайға жөнелту», – деп жауап берді.

Ешқандай көлік бизнесімен айналыспағанын жеткізді.

Қараша айының 18-і күні өткен сот отырысына бірнеше жәбірленуші келіп қатысты. Олар сотталушыларға сауалдарын қойды. Сот барысында екі тараптың дауласып қалу жағдайы да орын алды.

Сот егер осылай тәртіпсіздікке жол беріле беретін болса, сотталушыларды сот залынан шығаратынын мәлімдеді. Сосын ғана тынышталғандай болды.

Жәбірленуші 2024 жылдың наурызында болған жағдайды еске салды.

«Маған банкке ірі соманы аударуы үшін 5 миллион керек» дегенде, мен не дедім? «Менің 1 миллионым сізге көмектеспейді» дедім. Сонда әңгіме 1 миллион туралы болды ма?», – деп жәрібленуші сұрағанда

Ольга Ромашкина:

«есімде жоқ» – деп жауап берді. Жарайды. Үйге келгенде, біз қолхат жаза бастадық. Сіз бірінші жаздыңыз. Мен құжат алуға шығып кеткенімде, сіз менің смартфонымды алып, менің атымнан несие рәсімдедіңіз».

Сұрақ:

«Менің затымды алып, менің атымнан несие рәсімдеуге қандай құқыңыз болды? », – деді жәбірленуші.

Сонда Ольга Ромашкина:

«Ондай болған жоқ», – деді.

Жалпы алғанда сотталушы жәбірленушінің сұратарына толық жауап берген жоқ. Кей сұрағына жауап беруден бас тартты.

Тағы бір жәбірленуші алған ақшаны бір айдан кейін қайтарам дегенін және әлі күнге дейін не себепті бермегенін сұрады.

Сотталушы:

«есімде жоқ» деп жауап берді. Жәбірленуші «қарызымды қашан қайтарасын?» – деп тағы да сұрағанда, сотталушы «Сұрақ орынсыз – деді.

Сот:

«Неге орынсыз, түсіндіріңіз?» – деді.

Сотталушы Ольга Ромашкина айыпты болмай тұрып, жәбірленушілерге өзі шығып, келісімге келу жөнінде ұсыныс айтқанын жеткізді.

Енді сотталушы орындығында отырғаннан кейін қарызымды қашан қайтарсың деу орынсыз екенін жеткізді.

Жәбірленуші:

«Сіздің қандай проблемаларыңыз болғаны маған бәрібір», – деді.

Сотталушы:

«Бұл сұрақтарды біз айыпталушы болғанға дейін қою керек еді», – деді.

Сотта Азамят Искендиров деген адамнан бейнебайланыс арқылы жауап алынды. Ол куәгер ретінде қатысты. Сөзінше оның компаниясы бар, кәсіпкер.

Ольга Ромашкина инвестор ретінде қаржыны соған аударып, ет сатып алынып Дубайға сатылуы керек еді.

Мемлекеттік айыптаушы куәгерден:

«Айтыңызшы, сіз бен Ромашкина Ольганың арасында оның қандай да бір дивидендтер немесе басқа да бір пайда алуы керектігі туралы қандай да бір келісім болды ма?», – деп сұрады.

Ол болса:

«Бұл ауызша келісім болды. Бірақ бұл туралы біз онымен әлі осы сәттерді талқылаған жоқпыз», – деп жауап берді.

Мемлекеттік айыптаушы болса:

«Жоқ, бірақ қараңыз, келісімшарт 2023-ші жылы жасалған. Неге сіз бұл сәтті бірден талқыламадыңыз?», – деді.

Жауап беруші:

«Біз онымен Эмиратта кездесуіміз керек еді және осы параграфтардың барлығын қарап шығу, қандай сома қосылғанын, бұл сомаға қандай көлемде сатып алғанымызды сол кезде талқылайтын болғанбыз», – деді.

Мемлекеттік айыптаушы:

«Сіз онымен қашан кездесуіңіз керек еді? », – деп сұрады.

Куәгер:

«Шынымды айтсам, осы жылдың басында, бірақ оның проблемалары шықты».

Прокурор:

«Яғни, бір жарым жыл бойы ол сізге ақша қаражатын беріп келді, ал ол ешқандай пайда алмады ма?»

Азамат:

«Әзірше жоқ. Әзірше ештеңе алмады», – деді.

Куәгер Ольга Ромашкинамен екі рет бірі шетелде, ендігісі Астанада кездескен.

Ал ақшаны белгісіз бір жігіттен алып отырған. Куәгер бірінші рет шамамен 8 мың доллар алғанын айтты.

Екінші ретте осы шамалас ақша – 8-10 мың доллар көлемінде. Үшінші рет Астанада шамамен 3-4 мың доллар алған. Осылайша барлығы шамамен 24 мың АҚШ долларын бірлескен бизнеске салған. Яғни, ақша ет алуға жұмсалып кеткен. Алдыңғы сот отырысында Ольга Ромашкина жәбірленушілерден алған 200 млн теңгені ет алуға салғанын айтқан. Ал Азамят Искендиров болса, 24 мың доллар ғана алдым деп отыр. Сот осы мәселенің мән-жайын сұрады. Яғни, сандар сәйкес келмейді.

Ольга Ромашкина куәгермен тағы сөйлесетінін, мәселені талқылайтынын жеткізді.

Себебі, қаржы тақырыбы құпия болғандықтан, бұл жөнінде әлі ортақ келісімге келмеген. Яғни, қанша алғандығын не бергендігін жариялау өзара бизнестегі құпия болғандықтан куәгер толық көлемдегі санды айта алмай отыр.

Ал сот куәгерден Ольга Ромашкина берген ақшаны қайтаруға болады ма деп сұрағанда.

Куәгер болады деп жауап берді. Яғни, 24 мың долларды теңгеге шаққанда шамамен 11 млн теңгедей екен. Сот сол ақшамен жәбірленушілердің шамалы болса да қарызын өтеуге болатынын жеткізді.

Ольга Ромашкина болса, шоттарының бұғатта екенін айтты және 11 млн теңге ештеңгеге де жетпейтінін жеткізді.

Сот шамалы болса да қарызды жабады деді. Артынша сот Ольга Ромашкианның жәбірленушілерге қарызды қайтаруға деген ниетінің жоқ екенін байқағанын жеткізді. Сот отырысы аяқталған жоқ.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген – автор