Ол жақта Дүниежүзілік сайлау күніне орай ауданның бірқатар мекемелерінде ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Бұл үрдіс биыл да заңды жалғасын тапты.
«Меңдіқаралықтар Дүниежүзілік сайлау күніне» ерекше құрметпен қарайды. Қостанай облыстық сайлау комиссиясымен ұйымдастырылған «Сайлау – біздің ісіміз!», «Выборы – наша дело!» челленджіне Меңдіқара ауданының жастары, еріктілер, ауданның білім беру мекемелерінің оқушылары белсене ат салысты. Меңдіқара ауданының сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілетін іс-шараларды жыл сайын ауқымды өткізуді көздеп отыр. Өйткені, болашақ ұрпақ сайлау жүйесінің негізгі бағыттарын білуі тиіс. Болашақта сайлау жүйесі – келешек ұрпақтың қолында», – дейді Меңдіқара аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Алмагүл Бірманова.
Меңдіқара аудандық сайлау комиссиясы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясымен бірлесіп, пікірсайысын өткізсе, ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығында аудан жастары мен Первомай жалпы білім беру мектебінің білім алушылары «Сайлау жүйесінің білгірлері» сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырды.
Алмагүл Бірманова пікірсайыс барысы британдық парламент дебаты форматында өрбігенін айтып отыр.
Әр топ спикерлері пікірлерін ортаға салып, сараптап, ойларын нақты жеткізе білді. Ал, «Сайлау жүйесінің білгірлері» сұрақ-жауап сайысында жастар сайлау жүйесі туралы логикалық сұрақтарға, жағдаяттық сұрақтарға жауап іздеп, әртүрлі тапсырмалар орындады.
Іс-шаралар соңында сайысқа қатысушы жастар мен білім алушыларға және мекемелерге Меңдіқара аудандық сайлау комиссиясы атынан мадақтамалар, «Үздік спикер» кубогі және естелік сыйлықтар табыс етілді.