Қарасу ауданы Белозер ауылы ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» деп жарияланды. Бұл шешім ауыл тұрғындарының бастамасымен, жергілікті билік, ақсақалдар мен жастардың қолдауымен қабылданды.
«Бұл шешім – болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін жасалған қадам. Біз ауылымыздың мықты, ұйымшыл әрі зиянды әдеттерден ада болғанын қалаймыз. Трезвость – бұл болашақ алдындағы жауапкершілік пен күш», – дейді ауыл тұрғыны Мария Полтавская бұл бастаманы толығымен қолдап.
Аталған бастама – қоғамдық денсаулықты нығайтуға, мәдениетті арттыруға, тұрмыстық құқықбұзушылықты азайтуға және тұрғындар үшін салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.
