Тобыл қаласында субұрқақ және спорт алаңы ашылды

Тобыл қаласында субұрқақ және спорт алаңы ашылды

Тобыл қаласының орталығында субұрқақ пайда болды. Сондай-ақ қаладағы мектеп-гимназия аумағында спорт алаңы ашылды.
Қаланың орталық алаңында ашық субұрқақ пайдалануға берілді. Бұл бәрінен бұрын балаларға ерекше қуаныш сыйлағандай. Қоршаусыз жұмсақ төсемелі фонтан қаланың кішкентай тұрғындарына әсіресе күннің ыстығында қызықты ойын алаңына айналғалы отыр. Бұл субұрқақтың кешкілік көрінісі тіптен тартымды болмақ: түрлі-түсті шаммен жабдықталған.

blank«Мемлекет басшысы абаттандыру және қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бүгін Тобыл қаласында жаңа форматты субұрқақ ашылды. Бұл қала мен аудан тұрғындарының, қонақтарының сүйікті орнына айналады деп сенемін. Осы жылы ауданда абаттандыру бағытында көп жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның жарқын бір мысалы осы субұрқақ деуімізге болады», – дейді Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев.

blank
Бұдан бөлек, дәл осы күні Тобыл қаласындағы мектеп-гимназия аумағында спорт алаңы пайдалануға берілді. Мұнда шағын футбол алаңы, жүгіріс жолағы салынып, жаттығу құралдары орналастырылған.

blank

blank

«Мектеп аумағындағы алаңдарды қайта қарап, оларды барлық тұрғын үшін қолжетімді аймаққа айналдыруды мақсат етіп отырмыз. Бүгінгі жаңа спорт алаңы – осы бастама аясында жүзеге асқан жоба. Қазірден-ақ футбол алаңын, заманауи воркаут және 250 метрлік тартан жолын спортсүйер тұрғындары пайдаланып жатыр. Бұл барлық жастағы азаматтарға спортпен айналысуға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді бұл жөнінде Олжас Нұрғалиев.

Аудан әкімі жаңа нысанның ашылуымен тұрғындарды құттықтап, мектеп басшылығына бірнеше доп салынған себетті сыйға тартты.

blank
Мұндай спорт алаңдарының көбеюін жергілікті спорт ардагерлері де жақсылық нышанына балап отыр.

blank

«Мемлекет тарапынан салауатты өмір салтын насихаттау бағытында көп жұмыс атқарылып жатыр. Соның бір айғағы — бүгінгі спорт алаңы. Үлкен спортқа жол осындай шағын жиынтықты алаңдардан басталады. Ел намысын қорғайтын болашақ майталмандардың өсіп-жетілуіне мұның ықпалы зор. Жалпы, ауданымыз спорт жөнінен алдыңғы қатарда, жетістігі толайым. Ал мұндай қолдау сол табысымызды еселей түсуге жол ашады сөзсіз», — дейді белгілі күрес бапкері Рашид Мұхамеджанов.

Толығырақ газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.