«Сары-жасылдар» ресми түрде Грузия жартылай қорғаушысын қатарына қосқанын хабарлайды.
Цотне 1995 жылы 14 ақпанда Тбилисиде дүниеге келген, жергілікті «Гагра» клубының түлегі. Бұған дейін Мосиашвили бірқатар грузиялық командаларда доп тепкен. 2023 жылы «Динамо» Батуми сапында ел чемпионы атанды.
Жартылай қорғаушы маусым басында Қазақстан чемпионатына ауысты. Цотне «Жетісуға» келіп, барлық турнирде 13 матч өткізді.
Мосиашвили – орта шептің өте мобильді, жылдам ойыншысы. Қажет болған жағдайда Цотне қорғаныс қапталында да, шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында да ойнай алады. Сонымен қатар, ол допқа таласта мықты, ойынды жақсы оқиды, доппен жақсы «дос». Допты тартып алып, жылдам қарсы шабуылды бастай алады.