Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Түрлі гаджеттер күнделікті өмірді жеңілдеткенімен, денсаулыққа әсері жайлы пікірталастар толастамайды.
Цифрлық технологиялардың пайдасына тоқталар болсақ, дәрігерден онлайн кеңес алу мүмкіндігі зор. Жасанды интеллект көмегімен ауруларды ерте анықтауға болады. Бұл туралы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Алтын дала медициналық пунктінің маманы Гүлнар Бекенова айтып берді.
“Физикалық белсенділікті бақылап, дұрыс тамақтануды қадағалау мақсатында ақпаратқа қол жеткізе аламыз. Денсаулық туралы интернеттен медициналық мақалаларды оқып, қажетті ақпаратты табу мүмкіндігі зор. Онлайн курстар мен жаттығулар салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі”, – дейді Гүлнар Бекенова.
Қарым-қатынасты жеңілдетіп, туыстар мен достармен психологиялық жайлылықты арттырады. Әлеуметтік қолдауды күшейтуге түрлі онлайн қауымдастықтар мен топтардың көмегі мол.
Алайда осы цифрлық технологиялардың зияны да бар екенін ескерген жөн. Көздің көру қабілетіне әсер етеді. Ұзақ уақыт экранға қарау көздің қарашығын шаршатып, көру қабілетінің төмендеуіне әкеледі.Физикалық белсенділіктің төмендеуі
“Гаджеттерге тәуелділік қозғалыс белсенділігінің азаюынан адамды семіздікке шалдықтырады. Смартфондар мен компьютерлердің экранынан шығатын жарық ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуін тежейді. Әлеуметтік желілердегі ұзақ уақыт өткізу ұйқының сапасын төмендетеді. Ондағы адамдармен кісі өзін салыстыру арқылы стресс пен депрессияға ұшырауы ықтимал”, – дейді Гүлнар Бекенова.
Демек, артық ақпарат алу миға шамадан тыс салмақ түсіреді. Ұзақ уақыт дұрыс отырмау, омыртқаға зақым келтіруі мүмкін. Цифрлық технологиялар денсаулыққа оң әсерін тигізгенімен, зиянды жақтарын ескеру маңызды. Гаджеттер мен интернетті саналы түрде пайдалану денсаулықты сақтаудың негізгі кілті. Әр адам технологияны тиімді пайдалануды үйренсе, оның пайдасын арттырып, зиянын азайтуға мүмкіндік алады.
Диана Алмасқызы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ студенті 3 курс
Қостанай ауданы