Квота көлемі қысқарды

Квота көлемі қысқарды

Биыл мемлекеттік сақтандыру қоры аясында жасанды ұрықтандыруға бөлінген квота көлемі қысқарды. Бірінші жартыжылдықта барлығы 100 квота бөлінген. Оның 22-сі игерілген. Ал былтырғы жылы квота көлемі айтарлықтай жоғары болған. Салыстыру үшін: өткен жылы 12 айға 233 квота бөлінген болатын. Ал екінші жартыжылдықта қосымша квота бөлінетіні туралы әлі ақпарат жоқ. Бұл туралы мамандар айтып отыр.

–ЭКО арқылы сәбилі боламыз дейтін жұбайлар тездетіп өтініш бергендері жөн. Себебі, биыл квота көлемі айтарлықтай қысқарды. Былтыр оның көлемі көп болатын. Дайындау жұмыстары басталды, әлі де қалған 72 квота бар, – деп мәлімдеді облыстық аурухананың медико-генетикалық бөлімінің меңгерушісі Әсел Файзулина.

Қостанай облысында қазір ЭКО кезегінде 278 жұп тұр. Олардың көпшілігінің түрлі медициналық көрсеткіштері бар.

Кезекке тұру үшін емханаға барып, тіркелген жері бойынша жүгіну қажет. Емханадағы дәрігерлер медико-генетикалық бөлімге жолдама береді.

 

Науқас тексеруден өткен соң өзі қалаған клиникаға бара алады. Құжат дайындап, тиісті тексерістен өту бір айдан үш айға дейін созылады. Тексеру нәтижелері бойынша әйелдің квота алу талаптарына сәйкес келетіндігі анықталады.

 

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жансая СӘБИТБЕК

Жаңалықтармен бөлісу