Чемпионға жаңа пәтер сыйланды

Чемпионға жаңа пәтер сыйланды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында  Рудныйда тамаша игі іс атқарылды. IX Азия ойындарында ел намысын қорғап, Қазақстан тарихында алғаш рет шорт-тректен алтын медаль жеңіп алған жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Глеб Ивченкоға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Қуанышты сәтте Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко және QCHolding құрылыс компаниясының басшысы Нұралхан Кульчиков құттықтау сөз сөйледі.

QC Holding компаниясы чемпионға «Әлихан» тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер сыйлап, оның тарихи жеңісін жоғары бағалады.

Глебтің өзі шараға қатыса алмады – қазір ол елордада өтетін спартакиадаға дайындалуда. Дегенмен, спортшы Рудный халқына алғыс айтып, бейнеқұттықтау жолдады. Оның орнына сертификатты анасы қабылдап алды.

 

 Рудный қаласы 

 

Жаңалықтармен бөлісу