Әуежай шағын ауданында Наурыз мейрамы қызды

Әуежай шағын ауданында Наурыз мейрамы қызды

Ұлыстың ұлы күні Қостанай қаласының әр бөлігінде өтіп жатыр.

Әуежай шағын ауданының тұрғындары да Наурызды думандатуға жиналды.

Ақшаңқан ақ үйлер тігіліп, жылдағы дәстүрмен ән-күйдің тиегі ағытылып, қазақылықтың иісі аңқитын салт-жоралғылар жасалды.

Қалың жұртшылық бай дастарханнан дәм татысып, “Көрісу” ырымын жасасты, ұлттық ойындардан сынға түсіп, бірліктің ерекше үлгісін шат-шадыман көңіл-күйін бөленді.

Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу