ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спорт жарысынан қамыстылық команда дарстан бірінші орынды иеленді
Денисов ауылында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті. Онда Жітіқара, Бейімбет Майлин, Қамысты, Денисов аудандары мен Лисаков қаласының мемлекеттік қызметшілері спорттың төрт түрінен жарысқа түсті. Олардың қатарында волейбол, дартс, корнхолл және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бар, деп хабарлайды аудандық спорт бөлімінің мамандары.
Студенттер қандай кітап оқып жүр?
Жастар арасында кітап оқу мәдениеті қайта жанданып келеді. Оған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде көз жеткіздік. Сол арқылы замандастарымыздың қай бағыттағы, қандай жанрдағы кітаптарға қызығушылығы бар екенін біле алдық.
Қалың қалай, «серпіндік» студент?
Сабина Юлдашева – “Серпін” бағдарламасы арқылы Қостанай облысында білім алып жатқан студенттердің бірі. Талапты жас Тобыл өңіріне Түркістан облысы Ескі Иқан ауылынан келген.
Ұлттық ұланда ұлы той: 33 жыл мызғымас қырағылық
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның 33 жылдығы атап өтілді.
Бүгін — Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
10 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық ұланы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. 2015 жылы осы күні «Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойылып, оның құқықтық мәртебесі бекітілді.
Қазақ дебаты қайтсе дамиды?
Қазақ қоғамының ең маңызды қажеттіліктерінің бірі – ойын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлай алатын жастарды тәрбиелеу. Қостанай өңірлік университетіндегі қазақ дебаты қозғалысы дәл осы бағытта жемісті жұмыс істеп келеді. Бұл жөнінде «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының белсенді мүшесі Сағыныш Егенберліқызы баяндап берді.
6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталғанын хабарлайды.
Бакуде қазақ жастарының ұйымы құрылды
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өткен болатын. Іс-шара аясында Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттер «Орда» қазақ жастарының ұйымын құрды. Ұйымның мақсаты Әзербайжандағы қазақ студенттерін біріктіру және қолдау, мәдени байланыстарды нығайту мен түрлі іс-шаралар өткізу болмақ.
Денисов ауданында өзгеше байқау өтті
Тәуелсіздік мерекесіне орай аудан көлемінде алғаш ұйымдастырылған мәдени-рухани іс-шараға Түйемойнақ елін мекендейтін түрлі этнос өкілдері атсалысты.