Таяуда Қостанайға елордадағы әл-Фараби мешітінің найб имамы, теолог, ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ғазиз Ахмет рухани сапармен келген еді. Жергілікті жастармен, жалпы жамағатпен жүздесіп, тағылымды жиындар өткізді. Орайын тауып, құрметті мейманды оңаша сұхбатқа тарттық.
Жалған құжат жарға жығар
Еліміздің аумағында мүгедектікті белгілеу жұмысына кешенді тексеру жүргізіле бастады. Мұндай шешім мүгедектікті заңсыз белгілеу фактілерінің анықталуына байланысты қолға алыныпты. Қостанай облысындағы ахуалдан хабардар болу үшін ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне сауал жолдадық. Мемлекеттік мекеме басшысы Әлия Мекебаева сұрағымызға жауап берді.
Ілияс Нағызхан: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»
Өңірімізде діни насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасына қарасты діни мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы-теолог маманы, исламтанушы Ілияс Нағызхан арнайы іссапармен келді.
Дұрыс тамақтану – бала денсаулығының кепілі
Артық салмақ – артық мәселе екені даусыз. Бұрын бұл дерт тек ересектер арасында кең таралып бара жатыр деп дабыл қағатын едік. Ал бүгінде артық салмақ мәселесі балалар мен жасөспірімдер арасында да белең алып отыр.
Анар Қабдулинова: «Жастар белсенділігінің арта түскені қуантады»
Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектепте орналасқан 64-ші референдум учаскесінің жұмысы туралы учаске төрағасы Анар Қабдуллинова аз-кем сұхбат берді.
Комиссия төрағасы: «Азаматтар референдумға учаскеміз ашылмай тұрып жиналды»
Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гиназияда орналасқан 33-ші референдум учаскесінің жұмысы туралы учаске төрағасы Светлана Ковлющенконы сұхбатқа тарттық.
Мәдениет – ұлт рухының айнасы
Федоров ауданында мәдениет пен тіл саясатын дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді.
Дәурен ТОЙМАТАЕВ: «Конституциялық реформа – Қазақстанның қоғамдық және құқықтық дамуындағы маңызды қадам»
Әуелі Парламенттік реформа аясында Конституцияның 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған еді. Алайда жұмыс тобы сарапшылар мен халықтан түскен ұсыныстарды зерделей келе, өзгеріс ауқымы 40 баптың ауқымына сыймайтынын түсінді. Сөйтіп Конституцияның барлық бөліміне және 77 бабына, яғни жалпы мәтіннің 84%-ін жаңарту қажет деген шешімге келді.
Талант ЕРМАНОВ: «Тексерулер негізсіз жүргізілмейді»
Заң – талап, тәртіп – тетік. Қостанай облысында еңбек құқығын қорғау бағытындағы бақылау күшейіп, тексерулер саны екі есе артты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткен жылдың қорытындысын жариялап, алдағы өзгерістер туралы мәлімдеді. Департамент басшысы Талант Ермановпен сұхбатта еңбек шарттарын цифрландыру, жалақының кешігуі, өндірістегі қауіпсіздік және […]
Айбатыр СЕЙТАҚ: «Телеарнаның ашылуы өңірге үлкен серпіліс әкелді»
35 жыл бұрын Қостанай қаласында облыстық телеарнаның ашылуы осы өңірдегі медиа саласының дамуына тың леп әкелді. Жаңа ұжымға білікті мамандар шақырылды. Сол кезеңнің тыныс-тіршілігі, атқарылған игілікті істер туралы жуырда ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Айбатыр Сейтақпен сұхбаттасқан едік. Ол – Қостанай облыстық телерадиокомитетінің арнайы шақыруымен келген алғашқы журналистердің бірі. Бүгінде Астана қаласында тұрады. […]
