Тобыл қаласында шағын футболдан есту қабілеті төмен жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыстарға іріктеу турнирі мәреге жетті. Қостанайлық ұжым ақтық сайысқа жолдама алып, шымкенттік жастарға жол берді. Осылайша, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық керлинг шеберлері екінші жеңісіне қол жеткізді
ІX қысқы Азия ойындарында керлингтен аралас жұптық бәсекеде бақ сынаған Әзизбек Надирбаев пен Әмина Сейітжанова қырғызстандық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 12-5.
Торғай спортына тың серпін. Шалғайдағы Жанкелдин ауданы үшін жағымды жаңалық
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры негізінде құрылған «Батыр боламын» қоғамдық қоры аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне құны 15 571 000 тұратын спорттық жабдықтар әкелді. Қайырымдық қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы және «Батыр боламын» жобасының негізін қалаушы ағайынды Асыл мен Арман Балкенұлы арнайы келіп табыстады.
Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спорт жарысынан қамыстылық команда дарстан бірінші орынды иеленді
Денисов ауылында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті. Онда Жітіқара, Бейімбет Майлин, Қамысты, Денисов аудандары мен Лисаков қаласының мемлекеттік қызметшілері спорттың төрт түрінен жарысқа түсті. Олардың қатарында волейбол, дартс, корнхолл және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бар, деп хабарлайды аудандық спорт бөлімінің мамандары.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ӘСЕРЛІ ОҚИҒА: Харбиндегі Азия ойындарының ашылу салтанаты қалай өтеді?
2025 жылы 7 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушылары ашылу салтанатының ерекше әсерлі болатынына уәде беріп отыр. Ашылу салтанатының бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Толық ақпарат Olympic.kz материалында.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайдағы хоккей академиясына барды
Юбилейный шағын ауданындағы «Рысь» хоккей академиясы былтыр жазда ашылған еді. Бұл Қостанай облысы шайбалы хоккей федерациясының ірі жобаларының біріне айналып, балалардың тегін жаттығуына зор мүмкіндік тудырды.
Алина Дауранова – Әлем кубогының қола жүлдегері
Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден Италияның Коллальбо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үшінші жүлдесіне қол жеткізді.
Анастасия Городко әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді
Қазақстандық Анастасия Городко Канадада өткен фристайл-могул бойынша әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.
Қостанайда спортпен тегін айналысуға мүмкіндік бар
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға келген сапарында Юбилейный шағын ауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешені іске қосылған болатын. Бүгінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кеңсесі орналасқан бұл ғимаратта қала тұрғындарына арналған тегін жаттығу залы жұмыс істеп жатыр.
Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді
Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті.