Анастасия Городко әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

Анастасия Городко әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық Анастасия Городко Канадада өткен фристайл-могул бойынша әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Вал Сент-Комеде өткен жарыста параллельді могул сайысында екінші орынға ие болды. Шешуші сайыста Анастасия америкалық Джейлин Кауфпен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Анастасия жартылай финалда Францияның Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңіп, оны алтын медаль үшін таластан шеттеткен болатын. Нәтижесінде, Лаффон үшінші орын алды.

Жаңалықтармен бөлісу