Бүгін, 10 желтоқсанда Жітіқарада қала әкімінің сайлауы өтуде. “Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, олардың әрқайсысында кандидаттардың сенімді адамдары, тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру барысын бақылауда”, – деді аудан әкімі Нұржан Өтегенов. Аудан әкімі Жітіқарадағы №374 сайлау учаскесінде дауыс беру арқылы сайлауға қатысқанын айта кетейік.
Ақпараттық хабарлама
“Қостанай таңы” газеті редакциясы” ЖШС ҚР “Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес, осы жылдың 20 желтоқсанында өтетін Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын газет бетінде және kostanaytany.kz сайтында жариялаудың төлемі, тәртібі мен шарты туралы хабарлайды.
Екі әкім қайта сайланды, бір ауданда жаңа басшы
Ел тарихында алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткен еді. Осыған орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов Федоров, Денисов аудандары мен Рудный қаласына барып, дауыс беру нәтижесімен сайланған әкімдерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, тапсырмаларын берді.
2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласы әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлау аяқталды, учаскелер жабылды
Алтынсарин ауданындағы сайлау учаскелері жабылды. Яғни, Астана уақытымен 20:00-де дауыс беру тоқтатылды.
Қарабалық ауданының құрметті азаматы отбасымен барып дауыс берді
Қарабалық ауданының құрметті азаматы Сания Қабылова апамыз учаскеге отбасымен барып, таңдау жасап, дауыс берді.
Тұрғындар зор сенім артады
Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылындағы шағын ғана №872 учаскеде 178 дауыс беруші тіркелген.
Әжелер учаскеге ұлттық киіммен барды
Биыл тұңғыш рет өтіп жатқан аудан әкімінің сайлауына егде жастағы тұрғындар белсене қатысуда. Соның ішінде аудандық “Ақниет” әжелер ансамблінің мүшелері азаматтық белсенділік танытып, Қарабалықтағы №453 учаскеге келіп дауыс берді.
Сайлаушыларының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген
Қарабалық ауданындағы №453 сайлау учаскесінде саяси науқан қызу жүруде.
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
Федоров ауданының орталығында №791 сайлау учаскесінде елуінші сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Тұңғыш өтіп жатқан науқаннан тұрғындар жақсы өзгерістер күтетінін жасырмайды, іс басында білетін азамат отырса дейді.