Аманкелді Үдербайұлының 150 жылдығына арналған бүгінгі іс-шаралар легі батырдың рухына құран бағыштаудан басталды. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.
Батыр тұлғасына бүгінгі мінберден көзқарас
Ұлт батыры Амангелдінің 150 жылдығына арналған жобалар легі жер-жерде жалғасын тауып жатыр. Кең ауқымды іс-шаралардың бірі Қостанай қаласында да өтті. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: айтылмай келген ақиқат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция елордалық және жергілікті ғалымдардың басын қосты. Жиында әйгілі тұлғаға қатысты мәлім де беймәлім деректер ортаға салынды.
1916 жылғы көтерілістің мыңбасы болған Әбіш Рысбаевтың естелігі табылды
Өзімізді өзіміз тануда да, өзгелерге танытуда да төл тарихымызды білу, оның ащысынан сабақ алу елеулі роль атқарады. Облыстық мұрағаттан 1936 жылы Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған арнайы экспедиция материалдары табылды. Солардың біреуін оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.
Экспедиция мүшелері Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне сапар шекті
Жуырда Рудный қалалық мәдениет бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен «Қазақ тілі» қоғамының облыстық және Рудный қалалық филиалының ұйымдастыруымен бір топ экспедиция мүшелері Ахаң ауылына барып қайтты.
Торғайдың жезтаңдайы өнердегі жан сырымен бөлісті
КСРО мәдениет ісінің үздігі, республикалық халық театрлары байқауының лауреаты, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы Ырысты Ерденқызының өңір өнеріне қосқан үлесі қомақты. Ұзақ жыл Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған халық театры мен «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде жұмыс істеген өнер шебері, әнші редакциямызға келіп, көкейінде жүрген сырын ақтарды.
Кітапханашылар мен архив мамандарының жалақысы 20% өседі
Биыл еліміздегі кітапханашылар мен архив ісі мамандарының жалақысы артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қостанай таңы» – жеңімпаз!
«Қостанай таңы» ұжымы 10 тамыз – Абай күні мерекесіне байланысты облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде ұйымдастырылған «Қазақтың қос Ибраһимі» тақырыбындағы топтық интеллектуалдық ойынында жеңімпаз атанды.
Қазақстанда Абай есімді он сегіз мыңнан астам адам тұрады
Бүгін Қазақстанда Абай күні! Ұлы ойшыл күніне орай ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынамыз, деп хабарлады ҚР Ұлттық статистика бюросынан.
Президент қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады
Қамысты ауданының Орқаш ауылында Телеу ұрпақтары ұлан-асыр ас берді
Дала төсін дүбірге бөлеген думан. Атакүлдігі ортақ ағайынның ауызбірлігінің белгісі. Өскелең буынға тәлім болар өнегенің көрінісі. Қамысты ауданының Орқаш ауылында Телеу ұрпақтары ас беріп, оған елдің барлық өңірінен және шекара сыртынан руластар жиналды. Ұйымшыл жұрт кең ауқымды рухани, мәдени, спорттық іс-шаралар өткізіп, жиын-тойды жоғары деңгейде атқарды.