Бүгін қазақ елінің тарихындағы ерекше күн. Түркі тектес халықтардың мерекесінің қарсаңы – қыс пен жаздың теңелген уақытында сайлау өтіп жатыр. Мен өзім тұратын Родина ауылындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте орналасқан №82 сайлау учаскесіне барып даусымды бердім. Бұл сайлаудың мәртебесі жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқының азаматтарына жалпыға бірдей сайлауға түсуге мүмкіндік берді. Сайлауда […]
Баршамыз үшін маңызды
Қадірлі отандастар! Еліміздің болашағы бәрімізді толғандырады. Біздің болашағымыз – бүгінгі жас ұрпақ. Біз олардың алдағы өмірлері жарқын болса екен деп армандаймыз. 2023 жылдың 19 наурыз күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлағалы отырмыз. Сайлауға бәріміз бірдей қатысып,өз таңдауымызды жасап, үміт артқан кандидаттарымызға даусымызды берейік. Еліміз, жеріміз, қаламыз дамып, экономикасы көтеріліп, жастардың білім алып, […]
Болашағымызға үн қосайық!
Баршаңыз білесіздер, 2023 жылы 19 наурызда елімізде үлкен сайлау өтпекші. Бұл күн – ерекше тарихи маңызға ие болмақ. Себебі, ел тарихында жаңадан халық қалаулыларын сайлағалы отырмыз. Бұл сайлаудың қазақ еліне тиігізер пайдасы зор деп есептеймін.
Еліміздің дамуына серпіліс болады
Баршаңызға мәлім, 19 наурыз күні елімізде үлкен дода – Парламент Мәжілісі, облыс және аудан мәслихаттарыныңың депутаттарын сайлау өтеді. Бұл сайлау саяси бәсекелестік аясында өткелі тұр. Әсіресе, жастар арасында депутаттыққа өзін-өзі ұсыну көрсеткіші жоғары. Бұл халықтың сайлауға деген сенімі мен жоғары көзқарасының белгісі. Бүгінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып келе жатқанын, билік пен қоғам арасында […]
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
Әне-міне дегенше бірер күнде ел тарихында елеулі оқиға болмақ. 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы тек саяси науқан емес, мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін маңызды оқиға. Қоғам тынысын аңдасақ, дүйім ел кезекті сайлаудан тың леп, соны серпін күтіп отырғандай. Бұл сайлаудың жөні де, жосығы да бұрынғы сайлаулардан өзгерек деген сарындағы пікірлер жоғарыдағы сөзімізді […]
Тиімді мемлекет. Әділ қоғам.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформаларды іске асырудағы сабақтастық пен дәйектілік – бұл бірінші кезекте мемлекеттік құрылымның бүкіл саяси жүйесін қайта жаңғырту. Бүгінгі таңда қазіргі әлемдік тәртіптің күрделі геосаяси өзгерістерінен өткен және өтіп жатқан еліміздің болашақ саяси бағытының негізгі контурлары анықталды деп айтуға болады.
Ономастика – өңіріміздегі өзекті мәселе
Бүгін Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың ономастикаға қатысты көтерген мәселесі біздің өңірде өте өзекті болып тұр. Мемлекет басшысы ономастика жөніндегі жергілікті комиссия өңірге белгілі тұлғаларға ескерткіш қоюға жол бермеуі керегін айтып, күн тәртібіне қойып отыр. Ал, респубикалық комиссия заңсыз шешімдердің алдын алып, ескертулері керек. Егер барлығы тек қана өз туыстарына ескерткіш қоя берсе, мемлекетте өңірлік трайбализм […]
Дөп тиген мәселе
Бүгін бір риза болғаным – көптен бері менің ойымда жүрген бір мәселені ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дөп басқаны. Ақордада Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, көп мәселе көтерді.
Жершілдіктен жеріну керек
Еңбегі бүкіл халыққа ортақ белгілі тұлғаларды ұлықтау, дәріптеу – құптарлық іс. Біз бұл жағынан ешбір елден кем түсіп жатқан жоқпыз. Ғалымдардың, батырлар мен билердің, елге адал қызмет еткен азаматтардың рухы шат болсын деп, әрі бүгінгі жас буынға үлгі етейік деп әртүрлі іс-шаралар өткіземіз, ескерткіш тұрғызамыз. Әрине, бұл жарасымды, бұған ешкім тоқтау сала алмайды да. Қазір […]
Даму индексі: жастарға жарқын бағдар
Жастардың даму индексінің енгізілуі олардың қоғамдық-саяси процестерге белсене қатысуын арттыруға ықпал етеді. Кез келген мемлекеттің дамуының негізін бүгінгі жастардың әлеуеті айқындайтыны сөзсіз. Дамыған елдердің тәжірибесіне, халықаралық әдістемеге сүйеніп, Қазақстанда жастардың даму индексінің енгізілуі әлемде қалыптасқан үрдіс және ел жастары үшін де, мемлекет үшін де маңызы үлкен болмақ.