Арқалықта жаңа іргелі жобалар іске асқалы отыр. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының аясы кеңи түспек. Сондай-ақ құрама жем зауыты бой көтереді. Тек оған мемлекеттен қаржылай қолдау қажет еді. «Arkalyq Qus» серіктестігінің қос жобасы арнаулы комиссия отырысында қаралып, толық мақұлдаудан өтіп отыр.
Отандық өндірушілерге қолдау күшейтіледі
Азық-түлік бағасын тұрақтандырудың маңызды тетіктерінің бірі – отандық өндірушілерді қолдау. Өйткені өнім неғұрлым ел ішінде өндіріліп, оның өзіндік құны төмендеген сайын, тұтынушы үшін де бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік артады.
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Қор қызметінің негізгі нәтижелері, оның ішінде өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері қаралды.
Қостанайда «Кондитерлік астана» өндіріс кешені іске қосылды
Қостанай брендтерінің бірегейі – «Баян Сұлу» компаниясы «Кондитерлік астана» кешенін іске қосты. Кең ауқымды технологиялық кешен тәттілер зауытының өндірістік қуатын тонналап арттырмақ. Дамудың жаңа сатысына көтеріліп, экспорт әлеуеті кеңейіп, 260 жаңа жұмыс орны ашылғалы отыр. Игілігі мол инвестициялық жобаның жүзеге асуы – өңір экономикасындағы елеулі оқиға.
Астықтан – авиаотынға: бидайды тереңдете өңдейтін зауыт бой көтереді
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі келесі кезең – шикізатты барынша терең өңдеп, халықаралық нарықта сұранысқа ие, жоғары қосылған құны бар өнім шығару. Бұл бағыттағы ең ірі әрі стратегиялық маңызы зор жобалардың бірі – «Qostanai Grain Industry» ЖШС-нің астықты терең өңдеу зауыты.
Өңірде алдағы үш жылда 42 инвестжоба жүзеге асады
Өңдеу саласының келешегі инвестициялық жобалармен тікелей байланысты. 2026–2028 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жол картасы аясында облыста 42 жоба жүзеге асырылмақ.
Рудныйда қант зауыты салынады
Қостанай облысында қант, күріш, тұз, шай сияқты өнімдердің өндірілмейтіні мәлім. Бұлар өзге өңірлерден және импорт арқылы жеткізіледі. Дегенмен қантқа қатысты жағдай алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі $18 млрд межесінен асты
Қазақстан – жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған ел, бұл үлкен артықшылық. Сөз ауыл шаруашылығына жарамды орасан зор аумақтар мен өсімдік шаруашылығын жүргізуге салыстырмалы түрде қолайлы жағдайлар туралы болып отыр.
Елімізде ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті — Сауда және интеграция министрлігі
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында сауда саласының дамуы туралы баяндады.
Тимур Турлов: «Қостанай — қарқынды дамып келе жатқан өңір»
Қостанайда өткен инвестфорумда сырт өңірлерден келген құрметті қонақтар өңірдің өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.
