Қазақстандық компаниялар жаңа экспорттық нарыққа шықты

Қазақстандық компаниялар жаңа экспорттық нарыққа шықты

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Вице-министрдің айтуынша, биыл 125 қазақстандық компания экспорттық акселерация бағдарламасына іріктелген. Бағдарлама аясында әр компания үшін жеке экспорттық стратегия әзірленіп, өнім өткізуге басымдық берілетін шетелдік нарықтар айқындалған.

«Жыл басынан бері Қытай, Ауғанстан, Ресей, Таиланд, Нидерланд, Моңғолия және Солтүстік Македонияға сауда-экономикалық миссиялары өткізілді. Кездесулердің нәтижесінде металлургия, мұнай-химия, тоқыма, медициналық өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені салаларында жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың өнімдерін шетелге жеткізу бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді», – деді Айдар Әбілдабеков.