Жәнібек пен Шираз қашан жекпе-жекке шығады?

Жәнібек пен Шираз қашан жекпе-жекке шығады?

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы WBO титулы үшін өтетін көптен күткен жекпе-жектің уақыты белгілі болды.

Екі боксшының командалары арасындағы промоутерлік бәссаудада Queensberry Promotions жеңіске жетіп, $1 001 809 ұсынды, ал Top Rank $820 000 ұсынған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жекпе-жек 28 қараша немесе 5 желтоқсанда Лондон, Бирмингем немесе Нью-Йорк қалаларының бірінде өтеді.

Енді қазақ жанкүйерлері Жәнібектің рингке нақты қай күні және қай қалада шығатынын күтеді.