«Қостанай таңы» жариялаған «Домбыра-думан» оқушылар байқауының келесі үміткері 14 жаста. Қостанай ауданы Жамбыл ауылындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Нұрбол күй атасы Құрманғазының «Ұзақ Ақжелең» атты шығармасын орындапты. Екінің бірі тартпақ түгіл атауын біле бермейтін бұл күйді талапкеріміз қалай орындады екен? Бірге тыңдап көрелік. https://youtu.be/Z9-pFOj-UJ0
Жанасыл Бақытбек – «Ерке сылқым»
12 жасар балдырғанның қабілетіне баға беріп көріңізші. Болашағынан зор үміт күттіретін дарын десек, қателесе қоймайтын шығармыз. «Домбыра-думан» байқауына арнап, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» орындапты. Жас талап Жанасыл Асыланұлы Қостанай қаласындағы №9 орта мектептің 6-сыныбында оқиды. Қадамына сәттілік! https://youtu.be/LVNA2EUG-Lc
Елжас Қуандық – «Жұмыр-Қылыш»
«Қостанай таңы» газеті жариялаған байқауға Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының дарынды оқушысы қатысып отыр. Елжас Ерланұлының жасы 15-те. Аталған ауылдағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Қаршадай ғана жас осы күнге дейін өзгеше өнерімен талай белесті бағындырып үлгерген. Ол Қостанайда, Астанада өткен бірнеше халықаралық байқаудың Бас жүлдесін иеленіпті. Сондай бір өнер сындарының бірінде орындаған […]
Айназ Қарағұл – «Төремұрат»
«Домбыра-думан» байқауына 14 жастағы талапкер Айназ Кемеңгерқызы Қарағұл қатысып жатыр. Жас дарын Жанкелдин ауданы Торғай ауылында тұрады. «Dan-As» шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі. Айназ Құрманғазының күрделі күйлерінің бірі «Төремұратты» нақышына келтіре орындаған екен. Бірге тыңдап көрейік, лайықты бағасын берейік! https://youtu.be/UhF68fKai64