“Қостанай таңы” газеті жариялаған байқауға Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының дарынды оқушысы қатысып отыр. Елжас Ерланұлының жасы 15-те. Аталған ауылдағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Қаршадай ғана жас осы күнге дейін өзгеше өнерімен талай белесті бағындырып үлгерген. Ол Қостанайда, Астанада өткен бірнеше халықаралық байқаудың Бас жүлдесін иеленіпті. Сондай бір өнер сындарының бірінде орындаған шығармасын біздің байқауға жолдап отыр. Махамбет Өтемісұлының “Жұмыр-Қылыш” атты атақты күйін Елжас балаларыңыздың орындауында қабыл алыңыздар!