Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті.
Медициналық қызметке көңіліңіз тола ма?
Былтыр әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) кері байланыс арналарына медициналық қызметтерді алу мәселелері бойынша 701 115 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. Олардың қатарында азаматтардың алғыстарымен қатар шағымдары мен ұсыныстары да бар.
Жалғыз стоматология жекешендіріле ме?
Қостанай облысында 18 жасқа дейінгі балаларға тегін стоматологиялық көмек көрсететін жалғыз мемлекеттік мекеме – «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМҚК жекешелендіру тізіміне енгізілген. Үкімет тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде балалар стоматологияларын жекешелендіру науқаны жүріп жатыр. Бұл бастама медицина саласының ардагерлері, сала мамандары мен ата-аналар арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.
Қарасулық дәрігердің есімі «Қазақстанның алтын кітабына» енді
Қарасу аудандық ауруханасының дәрігері, талантты хирург Александр Науменконың есімі «Қазақстанның алтын кітабына» жазылды. Медицина маманы кәсіби біліктілігі мен мамандығына деген адалдығы үшін осындай жоғары құрметке ие болды.
Медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Дәрігерлерге берілетін көтерме ақы 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылды
Қостанай облысында ауылдық, шалғай аудандарды білікті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету үшін ауқымды шаралар қолданылып жатыр. Бұл туралы елордадағы брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.
Облыста денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту қарқынды қолға алынды
Қостанай облысында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Қостанай мектептеріндегі оқу форматы эпиджағдайға байланысты анықталады
Қостанай қалалық білім бөлімі қазіргі уақытта қала мектептеріндегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Бүгінде бірқатар білім беру ұйымдарында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері тіркелген. Осыған орай, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг жүргізілуде.
ЖРВИ өршіп тұр: Қостанай мектептері қашықтан оқыту форматына көшті
Бұл туралы Қостанай қаласының білім бөлімі хабарлайды.
