Әлемдегі ескі тәртіп күйреп жатыр, ал жаңа дәуірдің сұлбасы әлі нақты айқындалған жоқ. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтты.
Олжас Бектенов экономикалық саясат жөнінде кеңес отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.
Степанов ауылында өңірдегі ең алғашқы замануи сүт фермасы ашылды
Меңдіқара ауданына қарасты Степанов ауылындағы 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасында жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұнда қазір 348 сауын сиыр бар. Бір күнде 8 тонна сүт алынады. Бір сияр орта есеппен 28 литр сүт береді.
Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу үшін
Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында төрт жақты меморандумға қол қойылды.
Мемлекеттік сатып алу саласында рәсімдік нормаларды қатаң сақтау қажет
Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы жеткізушілер тарапынан да, тапсырыс берушілер тарапынан да бұзушылықтар теріс салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.
Олжас Бектенов: Инвестиция тарту – әкімдер мен министрлердің басым міндеті
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді. Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру.
Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді
Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2025 жылғы 10-11 ақпандағы № 3 хаттамасына және Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3-НҚ «Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінде мемлекеттік органның өкілдігін бекіту туралы» өкіміне сәйкес Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі құрылып, Қостанай облысының Қоғамдық кеңесіне кандидаттардың резервтік тізімі анықталды.
Барлық қызмет бір жерде. Лисаков қаласында жаңа орталық құрылады
Қалалық әкімдікте өткен жедел кеңесте Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев бұрынғы «АТФ Банкі» ғимаратының базасында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ортақ орталық құру туралы бастама көтерді. Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Техникалық түгендеу бюросы – жылжымайтын мүлік орталығы және Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бір ғимаратта орналаспақ.
Олжас Бектенов Президентке салаларды дамыту жұмыстарының тиімділігі туралы баяндады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді, IT-секторды, әлеуметтік сала мен ғылымды қолдау шараларының нәтижелері туралы баяндады.
Үкімет салық-бюджет жүйесін сауықтыру үшін кешенді шаралар ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық-бюджет жүйесін сауықтыруға және экономиканың өсуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.
