Халықты тіршілік нәрімен толық қамтамасыз ету — алға қойылған міндет. Мемлекет басшысы бұл мәселені ұдайы назарда ұстап, күн тәртібінен түсірмей келеді.
Қостанай гарнизоны заманауи техникамен қамтамасыз етілді
Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келді. Министр аймаққа сапары барысында Қостанай гарнизонын аралап, облыстағы қалалар мен аудандардың Төтенше жағдайлар бөлімдеріне заманауи үлгідегі арнайы техникалардың кілтін табыстады. Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты әрі маңызды қадам.
Олжас Бектенов: «Президент Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді»
Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады. Үкіметте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шараларын қарастыруда.
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1,82 триллион теңгенің өнімін өндірген.
Мәжіліс депутаты Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Билік. Халық. Ынтымақ» атты аймақтық конференцияға қатысты.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Арқалыққа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев келді
Биыл қалада көптеген ауқымды жобалардың жүзеге асып жатқаны мәлім. Су, жылу, кәріз құбырлары алмастырылып, көшелер жөнделіп жатыр. Бірнеше ғимараттар қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтуде.
Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін Үкімет 1 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысының Қарасу ауданында бұрма канал құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңгекөлемінде қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Қытай халықтарының арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынына тоқталды
Мәдени орталықтардың ашылуы, креативті индустрия және туризм салаларының дамуы осы бағыттағы басты басымдықтар ретінде аталды.
Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
ҚР Үкіметінің резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
