Биыл ғана жаңадан сайланған жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Тұрсынбекұлы жұмыс сапарымен аудан орталығына ат басын тіреді. Халық қалаулысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде «Жол картасы» бойынша құрылыс жұмыстары жасалып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аптап ыстықта күнге күйіп, тынымсыз қара жұмысқа білек сыбана кіріскен жұмысшылармен кездесті. Мәселен, 1979 жылы іргетасы қаланған «Балдырған» балабақшасына […]
Тобыл қаласында екінші рет азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті
Қостанай ауданы әкімі «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» екінші рет өткізді. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы қабылдау наурыз айында өткен болатын. Осы жолы «Алтын дән» мәдениет үйінің ғимаратында қабылдады. Арыз-шағыммен келген адамдарды аудан әкімінен бастап барлық мекеме басшылары мен ауданға қарасты ауыл әкімдері қарсы алды. Тұрғындардың көбі жер, тұрғын үй мәселесімен жүгінді.
«Бізді ешкім естімейді»
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Денисов ауданының Алшан ауылына барған сапарында жұртшылықтың осылай деген шағымын тыңдады. Елді мекенге кіреберіс және ішкі жолдар сын көтермейді. Басқаны айтпағанда, қарапайым балалар алаңы да жоқ.
