Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев: «Мен үшін ел мүддесі жоғары»

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев: «Мен үшін ел мүддесі жоғары»

Биыл ғана жаңадан сайланған жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Тұрсынбекұлы жұмыс сапарымен аудан орталығына ат басын тіреді.

Халық қалаулысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде «Жол картасы» бойынша құрылыс жұмыстары жасалып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аптап ыстықта күнге күйіп, тынымсыз қара жұмысқа білек сыбана кіріскен жұмысшылармен кездесті. Мәселен, 1979 жылы іргетасы қаланған «Балдырған» балабақшасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Шеген және Сужарған ауылдарындағы су беру жүйелерінің құрылысы мен қайта жарақтандырылуы жұмыстарын көзен көріп қайтты. Артынша, жеке азаматтарға  қоғамдық қабылдау өткізіп,  көкейтесті мәселерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан жол, көгілдір отын, лизингке алынған техника субсидиясы, кепілдікке ИЖС-те тұрған малды қою жөніндегі ұсыныстар айтылды. Мәжіліс депутаты облыс, аудан көлемінде шешілетін мәселелерді тиісті атқарушы орындарға міндеттеді. Жоғары билікке қатысты шаруаларды үнемі назарда ұстайтындығына сенім білдірді.

«Аудан орталығындағы «Балдырған» балабақшасының жөндеу жұмыстарын бақыладым. Жөндеу жұмыстарының қазіргі жағдайымен таныстым. Ғимарат жоспарға сай 19 қыркүйекте толық тапсырылмақ.Одан бөлек Қ.Қайдосов орта мектебінде асхана мен спорт залы жөнделмек. Сужарған, Шеген, Шилі, ауылдарында ауыз су қондырғысының құрылысы, Тоғай ауылында 16 пәтерлі үйдің қайта жөндеу жұмысы, хоккей корты, Тәуіш және Ақшығанақ ауылдарында ФОК (денешынықтыру-сауықтыру кешендері) құрылысы жүргізілмек. Бұл жұмыс партиямыздың Жол картасына енгізілген. Ең алдымен құрылыстың сапасы маңызды. Аудан орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен. Ел игілігіне тұтынатын нысандар жаңаруда. Бұл өте қуанышты жаңалық. Елдің еңсесі көтеріліп, көші – қон мәселесі тоқтайды деген үміттемін. Менде қолымнан келгенше киелі Торғай жеріне қолымнан келген көмекті аяныа қалмаспын. Алдағы 2025 жылы жерлес, ақын,жазушы, ағартушы алаш арысы М. Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы. Арнайы Бидайық ауылына барып, алаш қайраткерінің рухына дұға бағыштап, тарихи мұражайымен таныстым. Міржақыптың қазақ оқырмандары үшін қалдырған асыл қазыналары бүгінде ұлықталуы тиіс. Алдағы келе жатқан мерейтой өткізу бойынша ертерек қамдану қажет. Кешенді жоспар әзірленуі керек деп санаймын», – дейді Мәжіліс депутаты Берік Тұрсынбекұлы.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде келген Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының Жанкелдин аудандық филиалының партия активімен кездесті. Аталаған партияның сайлауалды бағдарласы бойынша және жол картасының орындалу барысымен, партиялық бақылау бекеттерінің жұмысымен егжей – тегжей танысып, ел мүддесі үшін қызмет істеу керектігіні тілге тиек етті.

Қарапайым халықтың талап – тілектерін халық қалаулылары қаз  қалпында жоғары билікке жеткізсе, ел сенімі өшпейді.

 

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу