Қ.Ақсақалов: «Жыл аяғына дейін біз өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын сақтауға тиіспіз»

Қ.Ақсақалов: «Жыл аяғына дейін біз өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын сақтауға тиіспіз»

Мемлекет басшысы алдымызға металдарды терең өңдеуді дамыту міндетін қойды. Бұл бағытта облысымыз зауыт салу бойынша бірнеше ірі жобаларды пысықтап жатыр.
Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов ресми парақшасында хабарлады.

«Машина жасауда 2 аптадан кейін жаңа KІА автомобиль өндірісі зауытының құрылысы басталып, 2 жылда 1 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Биыл 158,2 млрд теңгенің 23 жобасын іске асыру жоспарланған, 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, оның ішінде индустриялық секторда-13 жоба және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында – 10 жоба қолға алынбақ. Жыл аяғына дейін біз өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын сақтауға тиіспіз», – деп атап өтті өңір басшысы

Жаңалықтармен бөлісу