Колледж студенттерінің экоөнімін сатып алуға ниетті кәсіпорындар қазірдің өзінде табылып тұр. Алайда арнайы құрылғының жоқтығынан өнімді саудаға шығару мүмкін болмай отыр.
Жерлесіміз Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға.
Жауһардай жарқыраған DIAMONDS
23-26 наурызда Ташкент қаласында «Жаныңды салып би биле» атты халықаралық байқау өтті. Үздік ұжымдар бәсекесіне Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің DIAMONDS хореографиялық ансамблі қатысып, зор олжаға кенелді.
Тәртіп бар жерде тазалық бар
Көктемнің басталуымен санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу маңызды. Бұл – рұқсат етілмеген полигондарды жою, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру. 6 сәуірден аймақта тазалық айлығы басталмақ. Осы және өзге де мәселе облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген жиында айтылды.
Су тасқыны: Қарамырза ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
Бүгін, 4 сәуірде қардың күрт еруі және Қарасу ауданындағы Тімтуір өзенінің кемерінен асуы салдарынан Қарамырза ауылына қауіп төнді. 12 тұрғын үй қатер аймағында қалды.
«Өнер керуені» ауылдарды аралайды
Өңірді биыл облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Өнер керуені» жобасы іске асады. Жоба аясында өнерпаздар ауыл-ауылдарды аралап, мәдени шаралар өткізбек. Негізгі мақсаты – ауыл халқына рухани азық сыйлау, ауылдық клубтардың деңгейін көтеруге ықпал ету, өңірлік өнер ұжымдарына қолдау көрсету, дәстүрлі өнерді насихаттау. Тың бастама 6 сәуірде Федоров ауданының Пешков және Баннов ауылдарынан бастау алады.
«Марал ишан» мешітінің 130 жылдығына орай мүшәйра жарияланды
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды. Назарларыңызға жыр додасының ережесін ұсынамыз.
Дәрігер қателігі үшін жаза жеңілдетілуі мүмкін
Кәсіби міндетін тиісті деңгейде атқармаған денсаулық сақтау қызметкерлеріне тағайындалатын жазаны жеңілдету қарастырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құмар АҚСАҚАЛОВ: «Мәселе санда емес, сапада»
Былтыр 45 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 42 мыңы тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша және жұмыс орнында жұмыс берушіде 514 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен.
Қостанайда Абай даңғылының бірнеше бөлігі жабылады
Қостанайдағы Абай даңғылының Тәуелсіздік-Карбышев көшелері аралығын ресайкілеу әдісімен орташа жөндеуден өткізу жұмыстарының басталуына байланысты, даңғылды қиып өтетін көшелер біртіндеп жабыла бастайды.
