Қостанайда Абай даңғылының бірнеше бөлігі жабылады

Қостанайда Абай даңғылының бірнеше бөлігі жабылады

Қостанайдағы Абай даңғылының Тәуелсіздік-Карбышев көшелері аралығын ресайкілеу әдісімен орташа жөндеуден өткізу жұмыстарының басталуына байланысты, даңғылды қиып өтетін көшелер біртіндеп жабыла бастайды.

Атап айтқанда, 6 сәуір мен 31 шілде аралығында Абай даңғылын кезең-кезеңімен жабу жоспарланып отыр:

– 10 сәуір – 24 мамыр аралығында Чкалов-Абай қиылысын ашып, жол өтпесінен Баймағамбетов-В.Интернационалистов-Абай айналма жол айрығына дейін жолды жабу;

– 25 сәуір – 17 мамыр аралығында Баймағамбетов-В.Интернационалистов-Абай айналма жол айрығынан М.Хакімжанова көшесіне дейінгі жолды жабу;

– 18 маусым – 14 шілде аралығында Л.Беда-Абай қиылысын ашып, М.Хакімжанова көшесінен Павлов көшесіне дейінгі жолды жабу;

– 15-31 шілде аралығында Абай даңғылын қиып өтетін Павлов-Тәуелсіздік көшелері аралығын жабу көзделуде.

Жолдарды жабу мерзімі орташа жөндеудің күрделілігіне байланысты өзгеруі де мүмкін. Жолдың келесі учаскесінің жабылуына жақындаған сайын маршруттық көліктердің айналма жол сызбалары толықтырылады.

Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Жаңалықтармен бөлісу