Кәмелет жасына толмастан түнімен көше кезетін жеткіншектер баршылық. Олар жас шыбық тәрізді, қалай исең солай бой түзейді. Ең алдымен олардың тәртібіне ата-ана жауапты. Соңғы 18 күн ішіндегі дерекке сүйенсек, тұрмысы төмен 26 отбасы және кәмелетке толмаған 22 бала тіркелген. Бұндай дерек «Түнгі қаладағы балалар» атты республикалық жедел алдын алу шарасы барысында анықталып отыр.
Азаматтарға тағайындалатын әлеуметтік көмек ақпараттық дерекке негізделетін болады
Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енді. Жаңа құжат не үшін керек? Қандай өзгерістері мен артықшылықтары бар? Тізе берсек сұрақ көп. Соның бәріне өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақбөпе Манатова тәптіштеп жауап беріп, толығырақ түсіндірді.
Театрда қазақ труппасы ашылып, айналасына ойын алаңы салынады
Қостанай облыстық қуыршақ театрына жаңа басшы тағайындалғалы көп бола қойған жоқ. Жаңа басшыдан жаңашыл леп күтетініміз анық. Өзіндік тың идеяларымен көзге түсіп жүрген Мәди Нұрмұхамбетовпен орайы келіп, әңгімелестік.
Лисаковта «Алый парус» лагері ашылды
Қабырғасы 1974 жылы қаланған нысан бүгін балалардың алғашқы легін қабылдайды.
Еңбектің қазанын қайнатқан
Елімізде металлургия саласының алар орны ерекше. Кеншілердің кәсіби мерекесін бірнеше кен орны бар Лисаков қаласы сән-салтанатымен атап өтті.
Жөндеу аяқтала ма?
Бұл сұраққа жауап әлі күнге жоқ. Себебі, Қостанай облыстық балалар ауруханасын күрделі жөндеу 2020 жылдың тамыз айында басталған еді. Оған республикалық бюджеттен 1 миллиард 204 миллион тенге бөлінген.
Өз малына әркім өзі жауапты
Бүгінгі таңда өңірімізде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорының мәліметтер базасында (жануарлар туралы мәліметтерді тіркеуді және ветеринариялық паспорт беруді қамтитын есепке алу жүйесі) 493,5 мың ірі қара, 535,4 мың ұсақ мал, 99,5 мыңнан астам шошқа, 159 мың жылқы және 252 түйе бар.
Ринат грант иегері
Арқалық политехникалық колледжінің білім алушысы Ринат Нұрмихаметов облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мемлекеттік жастар саясатын насихаттау және бастамашыл, дарынды жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» стартап жобалар байқауында жеңімпаз болып танылып,500 мың теңге грант иегері атанды.
Қостанай жерінде әлі талай кино түсіруге болады – продюсер
Қостанайда кино түсіріліп жатыр. Бұл біздер үшін қызықты тіптен таңсық жағдай десек те болады. Себебі, біздің қалада кино күнде түсіріле бермейді. Түсірілім алаңына барша журналистер барып, жарыса жазуда. Біз де бардық. Қала шетіндегі гараждардың маңы кәдімгідей ығы-жығы. Режиссер, гримдеуші, продюсер, актерлер де осы жерде. Қызу жұмыс. Былтыр сериалдың алғашқы маусымынан көрермендер жақсы әсер алды.
Ертең бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазтелерадио» Ұлттық операторына сілтеме жасай отырып.