Өткен апта Амангелді ауданы үшін жаңалықтарға толы болды. Ел ішінде көптеген жұмыс атқарылып, әртүрлі іс-шара өтті.
Қостанайдың жаңа көшелерінің біріне генерал Самат Бәкіровтің есімін беру туралы бастама көтерілді
Қостанай облысы ПД-нің ардагерлер кеңесі Қостанайдың жаңа көшелерінің біріне генерал Самат Бәкіровтің есімін беру туралы бастама көтерді.
Интернет байланысын жақсартудың амалы
Қостанай облысында мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында ақпараттандыру басқармасы байланыс операторларымен бірлесіп, 2022 жылы 200-ге жуық АЕМ-ді 4G стандартының ұялы байланысымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде 28 базалық станция салынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте облыс әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Азамат Қашиев мәлімдеді.
“Тобыл” ширек финалда
Қазақстан кубогының 1/8 финалының жауапты кездесуін Қостанайдың “Тобылы” павлодарлық “Ақсумен” сырт алаңда өткізді.
Жамағаттың игілігіне – жаңа мешіт
Қасиетті Шәууал айында, күндердің сұлтаны – жұма күні өңірімізде тағы да бір тамаша мешіт салтанатты түрде ашылды. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы атақты Бармақ батыр ұрпақтары – елімізге белгілі Тұрсыновтар әулеті ұйытқы болып, Қуанышбек Жанәбілұлының бастамасымен Қарасу ауданының Комсомол ауылындағы мұсылман ағайынға арнап зәулім де көрікті, сәні мен салтанаты жарасқан Алланың үйін тарту етіп жатыр.
Қостанайлықтар мейрамды жоғары деңгейде атап өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай қаласының орталығында да жоғары деңгейде атап өтіліп жатыр.
Шағын аудандағы шадыман шаттық (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Әуежай тұрғындары Бірлік күнін ерекше салтанатпен атап өтті Қостанай облыстық ҚХА ұсынған “Қазақстан — достық мекені” іс-шарасын құттықтау сөзімен облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев ашып берді. “Қазақстан — көптеген ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы болып отырған ел. Әрдайым бірлік пен жарасымда өмір сүре берейік”,- деп лебізін айтты ол. Одан соң көпшілікпен бірге қоржын шоу, ұлттық […]
Жітіқарадағы «Жерлестер форумы»
Жітіқара ауданының 95 жылдығына орай аймақта тұңғыш рет «Жерлестер форумы» өтті. Ауқымды іс-шараға осы өлкеден түлеп ұшқан азаматтар келді. Туған елден жырақта жүрген жерлестердің арасында зиялы қауым өкілдері де, лауазымды шенеуліктер де, кәсіпкерлер мен танымал өнер және мәдениет қайраткерлері бар.
Құмар Ақсақалов: “Барлық жетістік бірліктің арқасы”
Құрметті қостанайлықтар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздің керемет дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің жарқын бейнесіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігі мен жемісі ең алдымен ұлт пен ұлыс бірлігінің, қазақстандықтардың мызғымас достығының нәтижесі. Бірлігі жарасқан елдің ертеңгі күнге деген сенімі нық. Отанымызға деген ортақ жауапкершілігіміз – Қазақстанның табысты дамуына […]
Науырзым қызғалдағы бүр жарды
Қызғалдақ қазақ жерінен тараған. Қазақ жерінің далалық аймақтарында көп кездесетін өсімдіктердің бірі қызғалдақ гүлі. Кездесетін 32 түрінің 12-сі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Оның сирек кездесетін 18 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген. Қазақ жерінде осынау әсем гүлдің сонша көп түрі кездескеннен кейін Қазақстан – қызғалдақтар отаны болып саналады.