Понтеведрада (Испания) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасында Ислам Евлоев топ жарды. Ол грек-рим күресінен 82 килоға дейінгі салмақта барлық қарсыласын жеңіп шықты. Отандасымыз финалда түрік балуаны Алперен Берберден айласын асырды. t.me/sportzhaily
Ұзынкөлде жол құрылысы басталды
Солтүстік Қазақстан облысы мен Ұзынкөлді жалғайтын күре жол қатынауға қолайсыз. Кеңес уақытынан бері жөндеу көрмеген тас жолдың қалпына келтірілуі, әсіресе, осы ауданның дамуына серпін бергелі тұр.
Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңірге іссапармен келді
Бүгін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.
Өндіріске өріс кең
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау кезек күттірмейді. Маңызды құжатта көрсетілген басым бағыттар астықты өңірдің төрінде талқыға түсті.
Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам бала мемлекеттен қолдау алды
Мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетті. Биылғы жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына 22,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) басшылығымен кездесу өткізді.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
«Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Әскери дәрігерлер Президент Іс басқармасының медициналық орталығымен ынтымақтастық орнатты
Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы мен Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қостанай полицейлері шағын футболдан QAZAQSTAN QYZMET CUP турнирінде қола жүлдеге ие болды
Астанада өткен Мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы шағын футболдан Қазақстан Республикасының QAZAQSTAN QYZMET CUP чемпионатына республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 20 команда қатысты.
Қостанайлық команда бесінші сатыда
«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Қостанайлық команда он жеті ұжымның арасынан жүз шақырым қашықтықты бес сағат қырық минут он секундта бесінші шауып өтті.