Қостанай қаласының солтүстік батыс аумағын су басып жатқаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бүгін сол ауданның тұрғындары қала әкімдігіне тағы да шағыммен жүгінді.
“Өзендер тасыса, өңірлер суға кетуі мүмкін”. Тұрғындар дабыл қағып жатыр (ВИДЕО)
Қостанай облысының оңтүстік өңірлері, яғни Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандары тасқын судан қатты зардап шегуі мүмкін. Ел азаматтары, қалың жұртшылық осылай деп дабыл қағып отыр.
Қауіпке қарсы қам: облыстың оңтүстік өңірлеріндегі ахуал қалай?
Бүгін тасқын су зардабын жою шаралары жалғасып жатқан облыстың оңтүстік өңірлерінің төтенше іс-қимылдарын бақылау үшін облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ТЖД бастығы полковник Қайрат Қасым арнайы жұмыс сапарымен барды.
Қарғын судың әлегі Қостанайға да келді
Күннің күрт жылынуынан еріген қардың зияны қостанайлықтарға да тиіп жатыр. Әсіресе, қаланың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан аумақтарды су жайлады.
Екідің, Қызылжұлдыз ауылдары су астында қалды
Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарына қатынас үзілген. Құтқарушылар тек қайық және жол талғамайтын техниканың арқасында қатынап жүр. Шаруа қожалығының үш адамы тік ұшақтың көмегімен құтқарылған. Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қайрат Қасым айтып берді.
Қарғын сумен күрес: 18:00- ге дейінгі жағдай
Аманкелді ауданының аумағында су тасқынын жою шаралары қарқынды жалғасып жатыр.
Аманкелді ауданына төтенше жағдайлар департаментінің 18 адамы көмекке келді (ВИДЕО)
Бұған дейін Аманкелді ауданының іргесіне су жақындап, қауіп төндіргені жөнінде білген едік. Бүгін аудан әкімдігінің аппараты төтенше жағдайлар бөлімі елді мекенді судан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы хабарлады.
Қостанайдағы «Қазақ тұлпарына» Алматыдан асыл тұқымды екі айғыр әкелінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Қазақстанда Қостанай жылқы тұқымын сақтап қалу, жаңғырту жұмыстары басталды. «Байсерке Агро» холдингі осы тұқымның «Триумф» және «Кумир» айғырларын Қостанай жылқы зауытына шағылыстыру және ұрықтандыру үшін Алматыдан алып келді.
Облыста төрт жүзден астам жастарға көтермеақы төленді
Өткен жылдың 1 наурызынан бастап “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” жаңа Заң күшіне енді. Соған сәйкес 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар қатарына жатқызылды. Тағы бір өзгеріс, 2023-2029 жылдарға арналған Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес жұмыспен қамту, тұрғын үй, қолжетімді білім, жастардың бастамаларын қолдау, азаматтық белсенділік және дарынды жастармен жұмыстары қолға алынбақ.
Арқалық, Жітіқарадағы ауруханалар жаңа кейіпке енбек
Облыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдар аралығында 3 міндетті қамтитын «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.