Аманкелді ауданына төтенше жағдайлар департаментінің 18 адамы көмекке келді (ВИДЕО)

Аманкелді ауданына төтенше жағдайлар департаментінің 18 адамы көмекке келді (ВИДЕО)

Бұған дейін Аманкелді ауданының іргесіне су жақындап, қауіп төндіргені жөнінде білген едік. Бүгін аудан әкімдігінің аппараты төтенше жағдайлар бөлімі елді мекенді судан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы хабарлады.

«Жол мекемелері арнайы су ағарларды тазартып, ережелерді сақтау мақсатында күнің қараңғы уақытында көрінетін лента орнатылды. Қауіпсіздік шараларын сақтау шаралары тиісті деңгейде жүргізілуде», – делінген аудан әкімдігінің хаттамасында.

Қазіргі таңда облыстық ТЖД арнайы техникаларымен жіберген 18 адам аудан тұрғындарына жәрдемдесіп жатыр.

Аменкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу