Қарғын сумен күрес: 18:00- ге дейінгі жағдай

Қарғын сумен күрес: 18:00- ге дейінгі жағдай

Аманкелді ауданының аумағында су тасқынын жою шаралары қарқынды жалғасып жатыр.

Ол үшін  бір Экскаватор, үш автотиегіш, бір көп функционалды трактор-экскаватор, үш камаз-самосвал пайдаланылған. Оған қосымша бір уаз, полиция бөлімінің екі патрульдік-бекеттік машинасы, жеті мотопомпа мен екі ассенизатор жеткізілді. Су тасқынына қарсы комиссияның 50-ден астам адамы жұмылдырылды. Облыстық Төтенше Жағдай Департаменті мобильдік тобынан 17 адам 6 бірлік тіркемелі және жылжымалы мотопомпаларын алып шықты.

“Су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында ауданның 17 үйінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, 120 тоннадан астам қож бен 150 тонна топырақ пайдаланылды. Халықпен жұмыс істеуге, су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабардар ету, сондай-ақ көктемгі су тасқынынан кесілген елді мекендердегі сырқат және жүкті әйелдерді аудандық ауруханаға уақтылы жеткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды”, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Көктемгі су тасқынына дейін Торғай, Жалдама өзендерінің бойында орналасқан елді мекендер мен қыстақтар тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, профилактикалық іс шаралар жазылған жаднамалар таратылды.

Облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының су ағар құрылыстары тазартылды.

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу