Ұлттық домбыра күнінде қарасулық Крюковский әулеті үлкен қуанышқа кенелді. Себебі әулеттің мұрагері дүние есігін ашты. Жеті күй шертілер күні әулеттің сегіз жыл күткен мұрагері Қостанай шаһарында шыр етіп жарық дүниеге келді. Өмірге келген ұл қазақтың әніне бөленіп, күйімен тербелді.
Қазақстанда игі істер марафоны басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды.
Байқауға қатысып, үлгі көрсетіңіз!
Құрметті қостанайлық асыл әжелер, ардақты аналар, қадірлі енелер, тату абысын-ажындар мен сүйкімді келіншектер!
Отбасылық достық лигасы шақырады
Құрметті қостанайлықтар! Байқау тамыздың 12 жұлдызына жоспарланып отыр.
Республикадан екі алтын: жерлестеріміз олжалы оралды
Талдықорған қаласында өткен Тоғызқұмалақтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына Жанкелдин аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің атынан бес оқушы қатысып, екеуі жүлдемен оралды.
Отандық жылқы тұқымдарын сақтау Заңына өзгерістер енгізілді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Еңбек меморандумына қол қойылды
Бүгін облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен Қостанайда құрылыс жұмыстары басталған KIA зауыты ортақ келісімге келді.
Цотне Мосиашвили – «Тобыл» ойыншысы
«Сары-жасылдар» ресми түрде Грузия жартылай қорғаушысын қатарына қосқанын хабарлайды.
Тартысқа толы жарыс: Ұзынкөл ауданында аудандық спартакиада жоғары деңгейде өтті
Аудандық кезекті спартакиада орман фестивалі орнында ұйымдастырылып отыр. Жан-жағы қайың-қарағаймен көмкерілген, аумағы кең табиғаты көз тартар елде қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер шараның көрігін қыздырып жібергендей.
Шаршы тақтада шендесті
Павлодар қаласында Senat Open шахмат турнирінің жартылай финал кезеңі өтті. Еліміздегі мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық турнир алғаш рет Парламент Сенатының бастамасымен қолға алынған-ды. Алғашқыда іріктеу жарыстары әр облыс орталығында өткізілді.