29.07.2025
Полиция департаменті сенім телефонын іске қосты

Полиция департаменті сенім телефонын іске қосты

Бұл байланыс желісі есірткіге тыйым салынған жарнамалар туралы хабарламаларды қабылдау үшін қарастырылған.

«Үйлердің, қараусыз қалған ғимараттардың қабырғаларында күмәнді граффити суреттерін көрдіңіз бе? 8-747-050-35-78 (WhatsApp) нөмір бойынша геолокацияны хабарлаңыз. Полиция қызметкерлері міндетті түрде сол жерге барып, заңсыз жарнаманы жояды», – деп хабарлайды облыстық ПД.