Құрметті қостанайлық асыл әжелер, ардақты аналар, қадірлі енелер, тату абысын-ажындар мен сүйкімді келіншектер!
16.08.2024 ж. Қостанайда қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан бастау алатын отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Абысын-ажын» байқауы өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға қостанайлық үміткерлер арасынан іріктелген бір әулет келіндерінен тұратын (2 адамнан кем емес) абысын-ажындар қатыса алады.
Өтініш қабылдау, іріктеу 26.07.2024 ж. дейін жалғасады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат:
+7(707) 309 6668, Гүлжамилә ханым,
+7(777) 325 6001, Жадыра ханым.
Ұйымдастырушылар – Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ, Қостанай облысы Аналар кеңесі, «Дәстүрге жол» ҚБ Қостанай облысы филиалы.
Байқауға қатысып, бақ сынаңыздар, әулеттің береке-бірлігін асырыңыздар!
Абысын тату болса, ас көп!