Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте Наурызым ауданында тұрғын үй мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Науырзым ауданында төрт бірдей жоба іске қосылады
Ол туралы аудан әкімі Мәди Ихтиляпов өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Қостанайдағы тілдерді оқыту орталығына биыл 90 миллион теңге бөлінді
Биыл Қостанай облысындағы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығына 90 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның 15 миллион 303 мың теңгесі түрлі мәдени-танымдық және білім беру іс-шараларын өткізуге жұмсалған. Бұл туралы орталық басшысы Тоты Әбдібекқызы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Батырлар сапында бір күн
Төтенше жағдайлар қызметінің тарих беттерінде қалған 30 жылы –мыңдаған құтқарылған өмір мен қауіпсіздік үшін күн-түн демей еңбек етіп жүрген мамандардың маңдай тері. Осы атаулы күнге орай ұйымдастырылған баспасөз туры журналистерге бейбіт күннің батырларының жұмысын жақынырақ таныстыра түсті.
Өңірде діни ахуал тұрақты: Дін істері жөніндегі басқарма басшысы мәлімет берді
Қостанай облысында діни ахуал тұрақты және жіті бақылауда. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Сапарғали Әбдиев өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Қамыстыда үш инвстициялық жоба іске қосылды
Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өткен сегіз айдың қорытындысы бойынша есеп берді. Брифингте аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізіп жатқанын атап өтті.
Арқалықта ауылдарды дамыту мәселелері талқыланды
Арқалық қаласында ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Тәжібаев арнайы қатысты.
Шағын қалада таңдаулы алты жоба қолға алынды
Былтыр Лисаков қаласында тұңғыш рет «TuganQala» бағдарламасы басталды. Бағдарлама бойынша тұрғындар назарына 40 жоба ұсынылып, соның алтауы іріктеуден өтіпті. Бұл туралы қала әкімі журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтып өтті.
Лисаков кенті көркейіп келеді
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Лисаков қаласында көше жарығын монтаждау жұмыстары аяқталды. Аталған жұмысқа 44,3 млн теңге бағытталған. Бұл туралы шаһар басшысы Абай Ибраев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Қазақстанда филантропия мектебін құру жоспарланып отыр
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар туралы» заңды іске асыру аясында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделген.
