Құрметті облыс тұрғындары! Қазақстанда 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу – өңірдің аграрлық секторының дамуының негізгі кезеңдерінің бірі. Бұл санақ ауыл шаруашылығының жай-күйі, шаруашылықтардың саны мен құрамы, өндіріс деңгейі және басқа да маңызды көрсеткіштер жөнінде толық әрі сенімді деректер алуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда сиыр еті жеткілікті: экспорт квота аясында сақталады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері сиыр етін экспорттауға енгізілген квота тетігі қазақстандық шаруаларға қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде сыртқы жеткізілімдерді жалғастыруға септігін тигізетінін түсіндірді.
Жолдау нәтижелері: өнім көлемінен цифрландыруға дейін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін, халықты жұмыспен қамтуды және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырылады. Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді […]
Қазақстанда өсімдік майын өндіру 24%-ға өсті
Қазақстанда майлы дақылдарды қайта өңдеу көлемінің тұрақты өсуі жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар–шілде қорытындысы бойынша өсімдік майын өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артып, 420,5 мың тоннадан 521,2 мың тоннаға жетті.
2028 жылға дейін Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді жоспарлап отыр
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды.
Орал қаласындағы AUYL FEST. Қой шаруашылығы тұңғыш Халықаралық фестивалі
«Ауыл» партиясы» РҚБ ұйымдастыруымен Орал қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш Халықаралық этномәдени фестивалі өтті.
Жаңа астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты
«ҚТЖ» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы 10 тамызға дейін экспорт көлемі 9,8 млн тоннаны құрады.
Қостанай облысында егін жинау науқаны басталды
Ауыл шаруашылығы <a href="https://t.me/Agropresskz/11818?single">министрлігі</a> Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, егін жинау барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.<!—more—> Пресс-тур қатысушылары тиімді егіншілік, мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалану және өндіріске инновацияларды енгізудің табысты үлгілерін көрсетіп жүрген екі ірі шаруашылық – «Темте» ЖШС және «Агропарасат» ЖШС-не барды. 2025 жылы «Темте» 14 мың гектар алқапқа егін ексе, оның 8 мың […]
Шалғайдағы ауылдарға аудан стандартына сай модернизация жүргізіліп жатыр
«Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы 2020 — 2025 жылдары аймақтардағы ауылдардың тыныс — тіршілігін жақсартуға бағытталған. Біз осы орайда Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Ұзаққызына жолығып, аталған бағдарлама бойынша ауданда қолға алынып жатқан жұмыстарды айтып беруін сұраған едік.
Жанкелдин ауданының шалғай ауылында мал шаруашылығы қолға алынды
Көкалат ауылының тумасы Бүтінбай Смайлов — «Жанбақыт» атты жеке шаруа қожалығының төрағасы. Мал өсірумен айналысады. Алдыңғы жылы су апаты кезінде малдары суға кетіп, көп шығынға ұшырады. Алайда, үкіметтің арқасында шығынның бәрі қайта орнына келді.
