Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау басталды. Қазіргі уақытта егістің ерте мерзімінде бидай, сондай-ақ арпа мен сұлыны қоса алғанда, жем-шөп дақылдарын жинау жүргізілуде.
Тамыздың алғашқы онкүндігінде елімізде 1,2 млн тонна астық жиналды
Қазақстанның 8 өңірінде егін жинау науқаны басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударуда: қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Өңірлерде егін жинау науқаны басталды
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2024-2025 жыл аралығында 1,2 млн тонна астық сатты
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында компанияның астық сату көлемі мен бидайдың экспорттық нарықтарын кеңейту бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілген ауыл шаруашылығы жылының қорытындылары шығарылды. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейін корпорацияның астық өткізуінің жалпы көлемі 1,2 млн тоннаға жетті.
Қазақстанда мал басы өсіп, мал шаруашылығына қолдау күшейтілуде
Биыл алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлық түрдегі ауыл шаруашылығы малдарының басы тұрақты өсуде. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты жұмысын және саланың өнімділігінің артуын көрсетеді.
Қазақстанда 20 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды
Ел өңірлерінде 2025–2026 жылдардың қысқы маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір»: өңірде аграрлық ғылымның жаңа кезеңі басталмақ
Бүгін Қостанайда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумның көшпелі отырысын өткізді.
Басты мақсат – егінді уақтылы және шығынсыз жинап алу
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов күзгі-қысқы кезеңдегі жауын-шашын мен көктемдегі ылғал жинау жұмыстары жақсы өскіндердің пайда болуына ықпал еткенін атап өтті.
Облыста жиын-терім жұмыстары басталады
Облыс дихандары жиын-терім жұмыстарына сақадай сай. Биыл өңірде 5,1 млн гектар егіс алқабы орылады.
Ауыл шаруашылығы санағы: Жаңа цифрлық көмекші іске қосылды
Sanaq.gov.kz сайтында сізді виртуалды кеңесші – SANAQ MYRZA қарсы алады. Бұл – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қатысушыларына арналған жасанды интеллект негізінде жасалған арнайы чат-бот.
