Ауыл шаруашылығы санағына қатысу – әр азаматтың ортақ міндеті

Ауыл шаруашылығы санағына қатысу – әр азаматтың ортақ міндеті

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазақстанда 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу – өңірдің аграрлық секторының дамуының негізгі кезеңдерінің бірі. Бұл санақ ауыл шаруашылығының жай-күйі, шаруашылықтардың саны мен құрамы, өндіріс деңгейі және басқа да маңызды көрсеткіштер жөнінде толық әрі сенімді деректер алуға мүмкіндік береді.

Билік органдары ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға бағытталған стратегиялық шешімдеріне негіз болатын алынған ақпараттың сапасы сіздердің белсенді және саналы ұстанымдарыңызға тікелей байланысты. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары, жеңілдіктер, субсидиялар және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары осы мәліметтердің негізінде қалыптасады.

Әрқайсыңызды жауапкершілік танытып, ауыл шаруашылығы санағына қатысуға шақырамын. Бұл тек қана шаруашылық иелері мен фермерлер үшін емес, сонымен қатар ауылдық жердің барлық тұрғындары үшін маңызды. Өйткені сапалы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағының нәтижесі – өмір сүру жағдайының жақсаруы, инфрақұрылымның дамуы және ауылдар мен елді мекендердегі әл-ауқат деңгейінің көтерілуі.

2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында интервьюерлер үй шаруашылықтарын, жеке қосалқы шаруашылық иелерін, мал мен құс өсіретін немесе бау-бақшасы бар тұрғындарды аралап шығады. Ауыл тұрғындарынан жер учаскелерінің болуы, егістік алқаптары, мал мен құстың саны, оларды күтіп-ұстау жағдайы және жайылымдарды пайдалану туралы сұралады.

Интервьюерлер жүргізетін аулаларды аралау кезінде әр тұрғын қажетті мәліметтерді дер кезінде әрі толық ұсынуы аса маңызды. Тек сіздердің белсенді қатысуларыңыздың арқасында біз аграрлық сектордың қазіргі жай-күйін шынайы бағалап, оны дамытудың ең тиімді жолдарын анықтай аламыз.

Бірлесе отырып, ауыл шаруашылығының орнықты дамуына, азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына және өңіріміздің бәсекеге қабілеттілігінің артуына берік негіз құра аламыз.

Түсіністік танытып, жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділік көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін!

Құрметпен,
облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов