2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 449 бірлік астық жинайтын комбайн өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7% артық.
Ауыл шаруашылығы санағына қатысу ережелері түсіндірілді
Бүгін, 1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл – он жылда бір рет өтетін науқан. Санақ жүргізу жосығы, тәртіп-талабы, ереже-шарттары қалай болмақ? Мұны баспасөз мәслихатында мамандар жан-жақты түсіндіріп берді.
Тобыл өңірінде Ауыл партиясының өкілдері бас қосты
Қостанайға Ауыл партиясының екінші тоқсандағы жұмысын қортындылауға республиканың барлық өңірлерінен партия мүшелері жиналды. Жиын барысында ауыл жастарының мәселесі, білім беру сапасы, мәдениет пен идеологияға қатысты бастамалар, сондай-ақ партия жүзеге асырып жатқан жобалардың жай-күйі кеңінен сөз болды.
Мәжіліс депутаты Николай Арсютин Қостанай облысында іссапармен жүр
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Ауыл» партиясы» фракциясының мүшесі Николай Арсютин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.
Қостанай облысында 5,1 млн гектарға дән сіңіріледі
Биыл облыста көктемгі егіс науқаны аясында 5,1 миллион гектар жерге жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.
Егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін артты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz жазды. Жиында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.
Қостанайлық диқандар Аграрлық кодексті әзірлеу мүмкіндігін талқылады
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде агроөнеркәсіп кешенін реттейтін басты құжат – Аграрлық кодексті әзірлеу мәселесі қаралды.
Киік таптаған жайылымға субсидия төлеу мүмкін емес — АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер Kazinform сауалына жолдаған жауапта киік таптаған жайылымның шығынын субсидиямен толтыру мүмкін емес екенін айтты.
Облыс әкімдігінде есепке қойылмаған үй жануарларына қатысты мәселелер талқыланды
Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою және шығару міндетінен жалтаратын тұрғындар көп. Бұл бақылаусыз, екпе алынбаған малдың көбеюіне себепші. Ал оның зардабы ауыр болуы ықтимал. Осы мәселені шешу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Облыс әкімдігінде өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиында осы түйткіл талқыланды.
