Облыс орталығында Республика күніне орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр. Бас-аяғы он үш аудан мен Қостанай, Рудный қалаларынан келген.
Қала тұрғындары таң ертенен бастап Сити-Орталыққа ағылды. Әсіресе, ет пен жұмыртқа сатып алушылар қарасы көп. Жәрмеңкеде 300 тоннаға тарта 70-тен астам шаруашылық жүргізуші субъектінің өнімі сатылып жатыр.

Жекелей тоқталар болсақ, ет өнімдері 32 тонна, жоғары және бірінші сұрыпты ұн 35 тонна, жарма және макарон өнімдері 12 тонна, тауық жұмыртқасы 144 мың дана, картоп 43 тонна, көкөністер 58 тонна және күнбағыс майы 6,5 тонна сатылымға шығарылған. Тұрақтандыру қорынан 25,3 тонна көлеміне тоғыз өнім атауы сатылымда.

Қостанай ауданына қарасты, Жамбыл ауылынан Мырзақұл Әлменов есімді шаруашылық иесі бір жылқы сойып әкеліп, сатып жатыр екен.
«Мал шаруашылығымен айналысып жүргенімізге көпжылдың жүзі болды. Бірақ жәрмеңкеге алғаш қатысуымыз. Халық ет өнімін көптеп алуда. Сұраныс бар. Оның үстіне күздіктің уақыты. Бізге де жақсы жағдай жасап, орын әзірлеп қойған. Өзіміздің таза жайлауда жайылған жылқы. Ешқандай укол салынбаған, еті таза», – дейді «Әлменов»ЖК жетекшісі Мырзақұл Әлменов.
Меңдіқаралық Виталий Метраховтардың әулеті балмен айналысып жүргендері көп жылдың жүзі болыпты.

Виталийдің сөзінше, оның әкесі де ара ұстап, бал сатумен шұғылданған. Бүгінде әкеден қалған кәіпті, балалары жалғап отыр.
«Жәрмеңкеге арнайы келдік. Балдың бірнеше түрін алып келдік. Көп жылдан тұтынып жүрген адамдар, оның емдік қасиетінің зор екенін жақсы біледі. Адам азғасына пайдасы мол. Мысалы, тәтті беде балы – беде гүлдерінің балшырындарынан алынған балдың құнды түрі. Оның өте ашық, дерлік ақ түсі, нәзік ваниль хош иісі және жағымды дәмі бар. Бал өзінің пайдалы қасиеттерімен, соның ішінде қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және тыныштандыратын әсерлерімен танымал. Оны косметология мен диетологияда да қолдануға болады. Ал гүлді бал-көптеген түрлі гүлді өсімдіктердің балшырындарынан алынған табиғи ара шаруашылығы өнімі. Ол сондай-ақ полифлора немесе көп шөпті деп аталады және тек бір өсімдік түрінен, мысалы, линден немесе қарақұмық жиналған монофлора балынан ерекшеленеді. Гүл балының түсі, хош иісі мен дәмі жинау аймағындағы басым бал өсімдіктеріне байланысты айтарлықтай өзгереді», – деп нақты түсіндіріп берді ара шаруашылығымен айналысатын Виталий Метрахов.
Келесі жәрмеңке, мереке күні — 25 қазан — облыстың барлық аудан орталықтары мен қалаларында жергілікті өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген автор
