Қостанай өңірінде Шолақсай ауылын білмейтін адам жоқ. Қырдың үстінде, тас жолға жақын орналасқан еңселі елді мекеннің тірлігі көз сүйсіндіріп, көңіл қуантады. Бұл ауылды тоқсаныншы жылдардың салқыны айналып өтті.
Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды
Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын “Строитель” тұтыну кооперативінің төрағасы Сергей Вячеславович Быковқа табыс етті.
Музейде көркемөнер көрмесінің тұсауы кесілді
Биыл «Дала өлкесі тарихы» облыстық музейінің ашылғанына 50 жыл толып отыр. Торғай тарихының алтын қайнары, қасиетті елдің қастерлі мұраларының басын қосуда мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің орны бөлек.
Арқалықта “жайлы мектеп” салынады
Бүгінде 300 орындық жайлы мектептің құрылысына әзірлік шаралары басталып кетті. Қазіргі таңда жер учаскесі нақтыланып, аумақты тазарту және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – жергілікті құрылыс компаниясы «Алюминқұрылыс» ЖШС.
Меңдіқара тұрғыны грант ұтып, кәсіп ашты
Меңдіқара ауданында шағын кәсіпкерлік дамып келеді. Кәсіп ашып, іс жасаймын дегендер Ұлттық жоба арқылы грант ұтып немесе төмен пайызбен шағын несие ала алады. Ол үшін 2021-2025 жылдарға 209 млн 750 мың теңге қарастырылған.
Жайылма жұртының жай-күйі
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, Қамысты еліндегі осы жолғы облыс әкімі мен халықтың кездесуі шынайы өткенін ерекше атап өту керек. Оған дәлел – жүздесуге Адаев ауылдық округінен ғана емес, ауданның Қарабатыр, Арқа, Орқаш, Талдыкөл, Жайылма басқа да елді мекендерінен азаматтардың қатысуы.
Азаматына қарап ауылын таны
Елді мекенде жыл сайын техникалар сатып алу, ескі үйлерді сүріп, орнына жаңасын салу, абаттандыру қатарлы халыққа барлық қажеттілік жасалып келеді. Еңбек етемін деген жанға қай жағынан да қолдау бар. Серіктестікте 600 жұмысшы еңбек етеді.
Арқалықтағы қайта түлеген кәсіпорын
Арқалықта жылумен жабдықтау жүйесі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен толықтай жаңартылады. Сондай-ақ ұжымда еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Былтыр облыс бюджеті есебінен 11 жаңа техника сатылып алынды. Биыл да кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары жоспарланып отыр.
Ендігі мәселе –жер мен жол
Халық сөзі – үлкен жауапкершілік. Оны аудандағы депутаттар қалай сезініп жүр? Немесе жұртшылықтың оларға айтары не?
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ
Соңғы жылдары Науырзым ауданында тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Қарамеңді кентінде он жылдың ішінде көппәтерлі бес үй ел игілігіне айналған. Ілкімді іс биыл да жалғасын тапты. Мұнда ұзақ жылдан бері бос тұрған 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.