Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын “Строитель” тұтыну кооперативінің төрағасы Сергей Вячеславович Быковқа табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 26 сәуірінде Жітіқара қаласының Желтоқсан шағын ауданында орналасқан су құятын шұңқырға 2015 жылы туған бала тайып құлап кеткен болатын. Жақын жерде өтіп бара жатқан ол баланы байқап, құтқаруға асыққан.
Баланы судан шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Аудан басшысы ТЖ саласындағы бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Б.Оразов С. Быковқа көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.