Бүгін, 14 қараша күні, Рудный қаласында қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, драматург, ақын, жазушы Бейімбет Майлиннің құрметіне арналған мурал ашылды. Қала орталығындағы Ленин көшесі, 215 мекенжайындағы үйге көрік берген туынды Б.Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай жасалып, қоғам назарын ұлы тұлғаның әдеби мұрасына аударуға бағытталған.
Республика күнінде Жітіқара ауданында мерекелік концерт өтті
Жітіқара ауданында елімздің басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған концерт өтті. Іс-шараға Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев, жергілікті билік өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен марапатталған азаматтар және тұрғындар қатысты.
Денисовтік кәсіпкер ауылын көркейтуге 100 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсады
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Денисов ауданына барған жұмыс сапары аясында Фрунзе ауылының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Аманкелді ауданында тасқын судан зардап шеккендерге 41 үй сатып алынады
Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аманкелді ауданына барып, тасқын судан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Сала басшылары мен мердігер компания басшыларына сапаға мән беруді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Ләззат Сүлеймен: «Ел мүддесі ескерусіз қалмайды»
Арқалыққа жұмыс сапарымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен келді.
Қарасу ауданында жайылымдардың тапшылығы байқалады
Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбеновтың төрағалығымен өткен Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді.
Ғылым және өндіріс: Қазақстанда қостанайлық жылқы тұқымы қайта жанданды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ (ҰАҒБО) еншілес ұйымдары тыңдауларының қорытынды сессиясы шеңберінде ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансалары (АШТС) мен фермерлік шаруашылықтар өкілдерін тыңдады.
Жастарға серпін берген форум
Қарамеңдіде “AMANAT” партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен Науырзым ауданы жастарының форумы өтті. Аудан әкімдігі қолдау көрсеткен форумға 8 ауылдан әр салада қызмет ететін 300-ге тарта жастар қатысты.
Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл аудандарының шаруалары 900 гектар алқаптың өнімдерін жинап алды
Облыс диқандары егін орағына кірісті. Биыл көктемде шаруалар 4,4 млн гектар алқапқа дән сіңірген еді. Жиын-терім науқаны басталғалы бері облыста 97,7 мың гектардың астығы бастырылды.
Қасиетті өлке Өлеңді ауылының құрылғанына – 61 жыл
Науырзымның нулы, сулы, шұрайлы өлкесін жайлаған Өлеңді ауылы биыл үлкен бір шаруаны қолға алды. Ауыл іші, аруақтар мекені – зират маңайы мұқият тазаланып, жолдарына тас төсеу жұмыстары басталып кеткен. Мұның бәрі бірліктің, елім деген аяулы азаматтардың арқасы.