Қарасу ауданында жайылымдардың тапшылығы байқалады фото inbusiness.kz

Қарасу ауданында жайылымдардың тапшылығы байқалады

Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбеновтың төрағалығымен өткен Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді. Қарасу ауданында 39 ауылдың ішінен 29 ауылында жайылым тапшылығы бар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жасалған меморандумдардың, басқа алаңдарды резервке қоюдың көмегімен жайылымдардың жетіспеушілігін 53,1 мың гектардан 48,7 мың гектарға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

«Бұл бағыттағы жұмыс өте жеткіліксіз жүргізіліп жатыр. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе бұзушылықпен берілген жерлерді мемлекеттік меншігіне алып қою жөнінде шаралар қабылдау қажет. Осы жылы аудан әкімдігіне осындай 3 мың гектар жерді қайтаруы қажет», – деп атап өтті Ибрагим Бекмұхамедов.

Жаңалықтармен бөлісу