Ғылым және өндіріс: Қазақстанда қостанайлық жылқы тұқымы қайта жанданды

Ғылым және өндіріс: Қазақстанда қостанайлық жылқы тұқымы қайта жанданды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ (ҰАҒБО) еншілес ұйымдары тыңдауларының қорытынды сессиясы шеңберінде ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансалары (АШТС) мен фермерлік шаруашылықтар өкілдерін тыңдады.

Ауыл шаруашылығы тәжірибе стансалары – бұл өндіріске енгізілетін Ғылыми аграрлық орталықтың құрылым тізбегіндегі үшінші тәжірибелік буын. Ғылыми-өндірістік тандемдегі ең табыстылардың бірі – Қостанай облысындағы Қарабалық ауылшаруашылық өндірісі комбинаты. 10 мың гектардан астам егістік алқаптарында дәнді, майлы, бұршақ және мал азықтық дақылдардың отандық перспективалы сорттары өсіріледі. Олар жыл сайын 5 мың тоннадан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей және элиталық тұқымдарын өндіріп, сатады.

 

Станса басшысы Роман Пугачевтің айтуынша, 2018 жылы ауылшаруашылық зауыты 3,1 мың тонна тұқым өткізсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 11,4 мың тоннаға жетіп, қызметтің барлық кезеңінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, станция соңғы 5 жылда тұқым сорттарын 100%-ға жаңартты. 2023 жылы Қазақстанда 2 млн 118 мың гектарға Қарабалық ауыл шаруашылығы зауытынан іріктелген тұқым себілді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының беделі үшін өте перспективалы және маңызды бағыты – қазақы жылқы тұқымын сақтау және дамыту жұмысымен «Қазақ тұлпары» ЖШС айналысады. Жылқы шаруашылығы 1998 жылы Қостанай ат қорасы негізінде ұйымдастырылды, оның тарихы 1885 жылдан басталады. Соғыс жылдарында мініс жануарларын артиллерияда ат күші үшін пайдалану мақсатында осы жерден майданға жеткізілді. Сол кездің өзінде Қазақстан аумағында әскери қажеттіліктерге жергілікті тұқымдардың қоспасымен жылқылардың жаңа тұқымын шығару идеясы ойластырылған болатын.

Ғалымдар Қостанай жылқысын Қазақстанның асыл тұқымды жетістігі деп атайды. Аталған ат тұқымы – алыс қашықтыққа жарысудың классикалық түрлеріне қатыса алатын әмбебап жылқы. Спортқа маманданған және ұлттық ат спортын дамыту үшін кеңінен қолданылатын – жалғыз қазақы жылқы тұқымы.

Бүгінде «Қазақ тұлпары» қостанайлық жылқы тұқымын өсірумен айналысады, оны жасау үшін ғалымдар 60 жылдан астам уақыт еңбек етті.

Бүгінде асыл тұқымды кітапта оның саны 200-ден аспайды, ал «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында (Қостанай жылқы зауыты) бар болғаны 59 бас қана. Ал, 1980 жылы олардың саны 41700 бас болды. Қостанай жылқы тұқымын сақтау және көбейту үшін өткен жылдың желтоқсан айының соңында «Байсерке-Агро» ЖШС, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ЖШС және «Қазақ тұлпары» қостанайлық жылқы тұқымын жаңғырту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Қостанай облысындағы «Заречное» АШТС-да күнбағыс тұқымының облыс диқандары дәстүрлі түрде сатып алатын басқа тұқымдармен салыстырғанда өнімі аз, бірақ өңдеу кезінде майдың шығымдылығы көбірек сорттары бар. Станса басшысы Рүстем Мулдатаевтың айтуынша, облыстағы ірі күнбағыс өндірушілер бұл дақылдың тұқымын сатып алуға құлықсыз, алайда өңдеу кезінде олардың селекциялық тұқымдарының өнімі жоғары.

«Қазір нарықтарда өсімдік майына сұраныс жоғары, бірақ бізде экспорт көлемі жеткіліксіз. Мәселен, Қытай тек күнбағыс майын ғана емес, рапс пен мақсары майын да жеткізуге мүдделі. Неліктен біз бұл дақылдардың тұқымын жеткілікті мөлшерде өндіруді ұйымдастыра алмаймыз? Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы диқандармен бірлесіп ұсыныстар әзірлеп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз стансаларында белсенді түрде сынақтан өткізуі үшін өндірісті ғылыммен ұштастыру қажет. Шешім табу үшін күнбағыс өндірушілермен үлкен жиын өткізуді тапсырамын», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығына және еліміздегі орман биоәркелкілігін сақтауға маманданған басқа да облыстық ауыл шаруашылығы ұйымдары мен шаруа қожалықтарының ақпаратын тыңдады. Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

https://primeminister.kz/news/gylym-zhane-ondiris-kazakstanda-kostanay-zhylky-tukymy-kayta-zhandanuda-27023

Жаңалықтармен бөлісу